Жалпы жаңалықтар
-
-
Бердібек Сапарбаев Семей жұртшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтік делегация Семей қаласының жұртшылығымен кездесті.
20.09.2019
-
Нұр-Сұлтандағы Канада елшілігінің территориясын қоршап тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Канада елшілігі ғимараты орналасқан аумақты (Сарайшық көшесінің бойы, Тұран және Қабанбай көшелерінің ортасы) қоршап тастады, деп хабарлады BaigeNews.kz.
20.09.2019
-
Жамбыл облысының әкімі жастармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жастармен жүздесіп, жарқын сұхбат құрды. Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінде өткен кездесу «Бәсекеге қабілетті жастар – еліміздің іргетасы» тақырыбына негізделді.
20.09.2019
-
Қанат Ислам көпбалалы анаға баспана сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Ислам бастаған «QAZAQ promotions» промоутерлік ұйымы «Ел-Несібе» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры арқылы 8 баласы бар жалғызбасты анаға 2 бөлмелі пәтер сыйлады.
20.09.2019
-
Аграрлық салада ғалымдардың жетістігін өндіріске енгізу жағы тұралап тұр – депутат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аграрлық саладағы ғалымдардың қол жеткізген жаңалықтары көп, кейбір жетістік шетелдік ғалымдардікінен де артық. Бізде соларды өндіріске енгізу, әрі қарай көбейту жағы жетіспей жатыр. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов ҚазҰАУ-да болған жиында айтты.
20.09.2019
-
РАТА – қазақстандықтармен жақын танысу жолы – Раджастан туризм министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өтіп жатқан РАТА (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік қауымдастығы) көрме павильонына орналасқан Раджастан (Үндістан) штатынының туризм министрі Говинг Сингх Дотастра делегацияны өзі бастап келген. Осы орайда, министрмен сұқбаттасудың сәті түсті.
20.09.2019
-
Сенат депутаттары Алматыдағы аграрлық университетке келді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында және Алматы облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтіп жатыр.
20.09.2019
-
Канело мен Сергей Ковалев жекпе-жек алдында көз түйістірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев пен орта салмақта WBC және WBA чемпионы Сауль Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлады Allboxing.
20.09.2019
-
Қалалық автобуста жолаушының телефонын қолды еткен ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бойжеткен Нұр-Сұлтан қаласының полициясына ұялы телефонының ұрланғаны жөніндегі арызбен жүгінген.
20.09.2019
-
Павлодарда бесік жыры 12 тілде орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қазақтану» жобасы аясында «Достық» үйінде «Бесік жыры» облыстық фестивалі өтті. бұл туралы Рavlodarnews.kz сайты хабарлады.
19.09.2019
-
Токиода Елбасы кітапханасының қор көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио қаласындағы БҰҰ Университетінде (Жапония) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Елбасы кітапханасы қорларының көрмесі ашылды.
19.09.2019
-
Байбек Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерге назар аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Сапар барысында ол шаһардағы бірқатар әлеуметтік мәселелерге назар аударып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
19.09.2019
-
Елордада РАТА Travel Mart 2019 көрмесі өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Азия және Тынық мұхиты қауымдастығына мүше болды (PATA).
19.09.2019
-
Алматыда университеттердің жаһандық саммиті өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында халықаралық конференция басталды.
19.09.2019
-
Дәрігерлер үндістандықтың 10 сантиметрлік «шайтан мүйізін» қағып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Сагар қаласы тұрғынының (Мадхья-Прадеш штаты) 10 сантиметрден асатын мүйізді кератомасын алып тастады. Бұндай қатерсіз патологиялық ісікті шайтан мүйіз деп те атайды.
19.09.2019
-
Қазақстан бокстан әлем чемпионатында Куба, Өзбекстан мен Ресейді озып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстаннан барған 8 боксшының алтауы жартылай финалға өтті.
19.09.2019
-
Шамалғанның темір жолына тағы бір автобус кептеліп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір станция маңында тәулік бойы құқық қорғау органдары күзетуде, деп хабарлады Аlmaty.tv
18.09.2019
-
Алматының шеткі аудандарын көркейту үшін тұрғындар да атсалысу керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қала тұрғындарына арналған “Бюджетке қатысу” жобасы өте қажетті шара. Қоғамдық кеңес оны қолдайды. Бұл тұрғындарды бюджеттік жобаларға атсалысуына тәрбиелейтін маңызды қадам. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің мүшесі Бекнұр Қисықов Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.
18.09.2019
-
Қазақстандықтарға Танзанияға виза алу жеңілдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді қазақстандықтар Мәскеуге бармай-ақ, визалық құжаттарды онлайн жібере алады.
18.09.2019
-
Түркістанда қоғамдық көліктер жаңартылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы бойынша «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді, деп хабарлады облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі.
18.09.2019
Наверх