Түркістандық дәрігерлер ота жасаудың жаңа әдісін қолдана бастады

7 Қазан 2019, 22:32
2925
Бөлісу:
Түркістандық дәрігерлер ота жасаудың жаңа әдісін қолдана бастады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері алғаш рет лапароскопиялық технология әдісі арқылы жарықты (грыжа) операциялық жолмен емдеудің жаңа әдісін қолданды.

Бұл туралы Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

01.jpg

Облыстық клиникалық ауруханада алғаш рет лапароскопиялық технология әдісімен жарық (грыжа) емдеу ота түрі қолданылды. Ақмола облыстық клиникалық ауруханасы ота бөлімінің меңгерушісі Хасенов Руслан Ерсаинұлы жергілікті әріптестеріне екі күн бойы мастер-класс өткізуде.  Қазіргі уақытта жарықтарды емдеу үшін лапароскопиялық технологиялар белсенді қолданылып келеді. 

02.jpg

"Ота арқылы шат және кіндік жарықтарын емдеуге болады. Барлық лапароскопиялық операция тек пациентке жалпы анестезия салу арқылы жасалады. Операция аз ғана уақыт алады, әрі науқастың денесінде пышақ ізін де қалдырмайды. Науқас екі тәуліктің ішінде-ақ ауруханадан шығарылады. Науқас ағзасына ауыртпалық түсірмей, дәрігердің барлық кеңесін толық қадағалаған жағдайда, операциядан кейінгі асқынулар өте сирек кездеседі", - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Қазір мұндай емдеу әдісі медицина саласында өзінің тиімділігін дәлелдеп, кең қолданысқа ие болған.


Өзгелердің жаңалығы