Басымнан сипайтын. Білім министрі ұстазын еске алды

3 Қазан 2019, 16:06
3448
Бөлісу:
Басымнан сипайтын. Білім министрі ұстазын еске алды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыныпта балалардың басын сипайтын. Кейін ол тек менің емес, басқа барлық балаға да осылай жасайтынын білдім. Дәл осылай білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп кезін еске алды.

Бүгін елордада "Үздік педагогтар" марапатталды. "Үздік педагог" атануға ел бойынша 3707-ден астам ұстаз өтініш білдірген. Облыстық турларға 633 мұғалім өтсе, содан финалға 187 педагог іріктелген. Тек республикалық қазылар алқасы 64 мұғалімге "Үздік педагог" атағын беру лайық деп таныған.

ус11.jpg

Ұстаздар мерекесі қарсаңында "Қазақстан" орталық концерт залына жиналған "Үздік педагогтар" мен ел ұстаздарын БҒМ Асхат Аймағамбетов мерейлі мерекемен құттықтады.

ус13.jpg

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов мектептегі  ұстазын еске алып, балаларға деген махаббаты арқылы сенімділік ұялатқанын атап өтті.

ус18.jpg

"Қадірлі ардагер ұстаздар, аса құрметті әріптестер, ең алдымен сіздерді кәсіби мерекеміз - ұстаздар күнімен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік алғаннан бастап ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Мұны өздеріңіз жақсы білесіздер. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің білім саласы биіктерден көрінуде.  Қазір осы жұмыс жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сайлауалды бағдарламасында білім саласын дамытуға аса назар аударып, біздің алдымызға үлкен міндеттер қойды. Биылғы тамыз конференциясына президенттің өзі қатысып, біздің ұстаздарға  алғысын айтып, жүйеміздің алдына үлкен мақсаттар қойғанын да білесіздер. Төрт жыл ішінде ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруға байланысты тапсырма берілді. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Елбасының арнайы тапсырмасымен, педагог мәртебесі туралы заң қаралып жатыр. Оның өзіне 3 трлн теңге қаражат қарастырылған. Бұл деген - ұстаздарға, білім саласына деген үлкен құрмет. Әрине, проблемалар жоқ емес, бар. Біз оның бәрін білеміз. Соның барлығын мұғалімдер, ата-аналар, қоғаммен бірлесе отырып,  шешеміз деп айтқым келеді. Енді ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы "Маған бәрінен де ұстаз, мұғалім жақын. Мұғалім - мектептің жүрегі " дегенін бәріңіз білесіздер. Сондықтан мұғалімге қанша жақсылық жасасақ та, мадақтау айтсақ та, ол көп болмайды. Өйткені мұғалімнің жұмысы - өте маңызды", - деді білім және ғылым министрі. 

ус20.jpg

Сондай-ақ, ол ұстаздық мемлекетіміздің алға жылжуы, болашағымызды жарқын ету үшін ең алдынғы қатардағы мамандықтардың бірі екенін атап өтті.

ус17.jpg

"Менің ұстазым Людмила Валентиновна тек маған ғана ыстық ықыласпен қарайтын сияқты көрінетін. Басыңнан сипап, жылы сөздерін жаудырғанда жаның жадырап қалатын.Сыныпта балалардың басын сипайтын. Кейін ол тек менің емес, басқа барлық балаға да осылай жасайтынын білдім... Барлығына бірдей қарым-қатынас болса, әр бала өзін ерекше сезінуі - мұғалімнің таланты... Разы оқытушыларыңыз көп болсын. Бірақ бүгін разы, түсінігі мол ата-ана тілеймін", - деді Аймағамбетов.

ус2.jpg

ус3.jpg

ус4.jpg


Өзгелердің жаңалығы