Ұстаздық жолымда талай шәкірт дайындадым – "Үздік педагог" жеңімпазы

Ұстаздық жолымда талай шәкірт дайындадым – "Үздік педагог" жеңімпазы
PHOTO
2684

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Үздік педагог" атағын жеңіп алған Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ғани Мұратбаев  атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Бақыт Күдериева конкурс талаптарының қандай болғанын айтып берді.

"Байқауға  28 жылдық еңбек өтілімнің барлығын жинап, дайындадым. Ұстаздық жолымда талай шәкірттерді тәрбиеледім, көп еңбек еттім, сол еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын. "Үздік педагог" болу үшін  өзіміздің жеке шығармашылық тақырыбымыз бойынша жобалар дайындау, өзіміздің және оқушыларымыздың жетістіктері бағаланды. Мұғалімнің педагогикалық, шығармашылық жұмыстары да бағаланды, мәселен, бағдарламалар мен көмекші әдіснамалықтарды әзірледік. Өзіміздің ізбасарларымызға көмек болсын деп дайындадық", - деді ұстаз.



Айтуынша, іріктеу кезеңдерінде теориялық сұрақтар күрделі болған. 

"Мен алдымен мұғалімнің  ең алдымен теориялық білім мықты болуы керек деген ұстанымға келдім. Терең  теориялық білімнің арұқасында  тестен сүрінбей өттім. Қалғаны -  мұғалімнің шығармашылық жолында жасалатын жұмыстар", - деді Бақыт Күдериева.



Сонымен қатар, "Үздік педагог" жеңісті күніндегі әсерімен бөлісті. 

"Бүгінгі көңіл-күйім өте керемет. Нұр-Сұлтан қаласына үздік педагог ретінде келіп тұрмын. Тәуелсіз еліміздің елордасында осындай биік жүлдеге ие болып жатқаныма қуаныштымын. Елде болып жатқан барлық іс-шаралар біздің көңіл–күйімізден шығып жатыр. Педагог мәртбесін арттыру бойынша бірқатар бастама жүзеге асырылуда. Педагогтың қадір-қасиетін артыратын шаралар көңілді көншітеді", - деді ол.



Айта кетсек, дәл қазір елордада 2019 жылы "Үздік педагог" болған мұғалімдер марапатталып жатыр.

Осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзінің ұстазын еске алғаны туралы жазғанбыз. 


Фото: Артём Чурсинов