Жалпы жаңалықтар
-
-
Қазақстанда «Шамбхави» халықаралық Катхак мектебінің концерттік туры өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан Үкіметі Қазақстан Үкіметінің және басқа да қазақстандық ұйымдардың қолдауымен Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығын және үнді-қазақстандық дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 30 жыл толуын атап өтіп жатыр. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2022
-
Шексіз мүмкіндіктер. Церебральды сал ауруы бар қыз дзюдомен айналысып, жүзуді үйренді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік 14 жастағы Зухра Шерметова өз жасына қарамастан – батыр қыз. Ерте жасында Зухра сөйлеу қабілетін жоғалтып, сол қолы мен аяғымен қозғала алмады. Бірақ Зухра қайсарлығы пен күш-жігерінің арқасында қазір спортпен шұғылданады және дзюдо жарыстарында жеңіске жетеді.
28.03.2022
-
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанға келді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгенің Қазақстанға үш күндік ресми сапары басталды, оның шеңберінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесу өтті. Бұл туралы ДСМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
28.03.2022
-
Ауыл шаруашылығы министрі жылыжай көкөнісін өсірушілермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 27 наурызында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
28.03.2022
-
ҚР ИИДМ басшысы I Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен өткен Бірінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумында сөз сөйледі, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
26.03.2022
-
Ақтауда асфальт опырылып түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 26 наурызда Ақтаудың 21 ықшамауданда болған.
26.03.2022
-
Әлихан Смайылов ӘМАТ қорларын бөлу жөніндегі үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 26 наурызда Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
26.03.2022
-
Ел құрамасы 200 млн соммен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел құрамасы 200 млн соммен марапатталды, деп хабарлады ҚР ҰСҚ баспасөз қызметі.
25.03.2022
-
Қазақстан елшісі Бангладеш Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Үндістандағы және Бангладеш Халық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы Нұрлан Жалғасбаев Бангладеш Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
25.03.2022
-
Алматы облысында кремний өндірісі іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ. Қаратал ауданында жоғары сапалы кремний өндірісі іске қосылды. Зауыттың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Бұл туралы «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңы хабарлады.
25.03.2022
-
Сенат депутаттары Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев, шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар нысанды аралады.
25.03.2022
-
Еліміздің Көкпар құрамасы командасы Өзбекстанда өткен халықаралық турнирде бірінші орын иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен халықаралық турнирге 6 мемлекеттен көкпаршылар қатысты.
25.03.2022
-
Арысқа барған сенаторлар жылыжай кәсібінің жай-күйімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Арыс қаласына арнайы сапармен келген Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Арыс қаласына қарасты Ақдала елді мекеніндегі жылыжай кешенін аралап, жеке кәсіпкер Рақымжан Кенжебаевтың кәсібімен танысты, деп хабарлады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
25.03.2022
-
Алматыда жазушы және сыншы Әшірбек Сығайдың құрметіне мемориалды тақта орнатылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығайдың құрметіне орнатылған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
25.03.2022
-
Атамның аманаты. Із-түзсіз кеткен жауынгерлер мен ұрпағынан бұйырған топырақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. От ортасынан оралмағандарды ұрпақтары жиі еске алады. Ал із-түзсіз жоғалған, қай жерде жерленгені белгісіз аталардың ұрпақтары не істеуі керек? Ұлы Отан соғысына 1 366 000 қазақстандық аттанды. Оның ішінде соғыстан оралмағандар саны 601 029 адамды құрады. Ал 271 503 солдат пен офицер хабарсыз кеткен, бұл елге оралмағандар санының 45 пайызына тең. Осы орайда «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Әлия Сағымбаевамен әңгімелескен едік.
25.03.2022
-
Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы «Холи мерекесі – түстер фестивалін» өткізді.
25.03.2022
-
Арыста 240 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласында әз Наурыз мерекесіне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 240 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
25.03.2022
-
Наурыз мерекесінде Түркістанға 35 мыңнан астам саяхатшы мен қонақ келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесіне арналған демалыс күндері Түркістан қаласына еліміздің түкпір-түкпірінен 9 мыңға жуық саяхатшы мен 26 мыңнан астам қонақ келді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
24.03.2022
-
Мәжіліс депутаттары Парламентаралық Одақтың 144-ші Ассамблеясына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы – «Еуразия» парламентаралық одағы геосаяси тобының төрайымы Айгүл Құспан бастаған делегация Индонезияда өткен Парламентаралық Одақтың 144-ші Ассамблеясының жұмысына қатысты.
24.03.2022
-
Павлодарлық оқушылар заманауи жасыл технологияларды меңгеруде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің оқушылары заманауи жасыл технологияларды меңгеріп, ауыл шаруашылығы саласының негізгі үрдістерімен таныса алады.
24.03.2022
Наверх