Шексіз мүмкіндіктер. Церебральды сал ауруы бар қыз дзюдомен айналысып, жүзуді үйренді

28 Наурыз 2022, 18:36
2731
Бөлісу:
Шексіз мүмкіндіктер. Церебральды сал ауруы бар қыз дзюдомен айналысып, жүзуді үйренді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік 14 жастағы Зухра Шерметова өз жасына қарамастан – батыр қыз. Ерте жасында Зухра сөйлеу қабілетін жоғалтып, сол қолы мен аяғымен қозғала алмады. Бірақ Зухра қайсарлығы пен күш-жігерінің арқасында қазір спортпен шұғылданады және дзюдо жарыстарында жеңіске жетеді. 

БЦП бар жасөспірім «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен орталықта қалай тегін оңалтудан өтіп, өз армандарын жүзеге асыра алғаны оқиғасы туралы айтып берді.

Зухра 2008 жылы мерзімінен бұрын, алты айлық нәресте күйінде дүниеге келді. Оған екі жасында церебральды сал ауруы, сол жақ гемипарез диагнозы қойылды. Зухра сол қолы мен аяғын қозғалта алмай, сөйлеу қабілетін жоғалтты. Әрине, бұл сәбидің ата-анасы үшін жай түскендей болды. Олар бұл диагноз туралы білмеген еді. Зухраның ата-анасы сәбилерінің сырқатымен күресіп, берілмеуге шешім қабылдады.

Шексіз мүмкіндіктер. Церебральды сал ауруы бар қыз дзюдомен айналысып, жүзуді үйренді

Зухраның анасы Тахмина оны ең жақсы дәрігерлерге апарып, қызының денсаулығымен айналыса бастады. Зухраны емханаларда ұсынған орталықтарға арнайы массажға апарды. Олар күйеуімен бірге үнемі мамандарды іздеп, қыздарын түзету балабақшасына апара бастады.

2018 жылы Тахминаға дәрігерлер «Kzhol Shymkent» оңалту орталығына жүгінуді ұсынды. Зухра «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Қасиетті жол» қоры жүзеге асырып жатқан «Дені сау балалар» жобасы аясында орталыққа тегін келді.

Орталықта Зухраның ата-анасы оңалтудың кешенді тәсілімен емдеу жолдарымен танысты. Зухраға бір уақытта бірнеше маман көмек көрсетті. Мұнда Зухра оңалту курсын әр алты ай сайын өтеді. Ол орталыққа үнемі жақсы көңіл-күімен келеді, мамандардың барлық тапсырмасын қызығушылықпен орындайды.

Оңалтудан кейін Зухраның өмірінде өте үлкен өзгерістер болды. Ол біртіндеп жүруді үйреніп, үйде ата-анасына көмектесе бастады. Зухра - өте көпшіл әрі белсенді қыз.

Кішкентай қыз тіпті ересектердің күткенінен асып түсті. Ол бейімделген спорт үйірмелеріне қатыса бастады: дзюдо, жүзу, тіпті футболда өзін сынап көрді. Қазір ол жарыстарда жеңіске жетіп, үйге грамоталар мен медальдар әкеледі. Зухра болашақта логопед болуды армандайды.

Біз көп нәрсені бастан өткердік. Осының бәрі бекер емес екеніне қуаныштымыз. Қызым керемет прогреске қол жеткізді, біз оны мақтан тұтамыз. Біздің оңалту орталығының мамандарына - логопедтерге, дефектологтарға, психологтарға, ЕДШ нұсқаушыларына жеке алғысымды білдіргім келеді. Барлықтарыңызға көмек үшін, қызымның өміріндегі өзгерістер үшін рахмет, - деп өз әсерімен Зухраның анасы бөлісті.

«Қасиетті жол» қоғамдық қорының президенті Гүлмира Әбілдинова мұндай оқиғалар мамандардың жұмысын маңызды етеді деп санайды.

Бір кездері біз «Дені сау балалар» жобасын айына 20 баланы қабылдайтын бір орталықтан бастадық. Біздің тәжірибеміз табысты болып, ата-аналар арасында сұранысқа ие болды. Үш жыл ішінде «Samruk Kazyna Trust» қолдауының арқасында біздің жоба екі қалада үш оңалту орталығына дейін өсті. Жыл сайын аз қамтылған отбасылар мен сәбилер үйлерінен 1500-ден астам нейро-ортопедиялық қабілеті бар балалар орталықта ем ала алады. Біздің оңалту орталықтарының моделін мемлекет бағалап, мойындағанына қуаныштымыз. Енді осы модель бойынша Қазақстанда 22 мемлекеттік оңалту орталығы ашылды. Алғашқы «Қасиетті жолды» ашқан кезде біз әр өңірде бір-бірден - 16 орталық ашуды армандадық. Қазір орталықтардың саны біз ойлағаннан әлдеқайда көп. Шағын жоба мыңдаған балалар мен олардың отбасыларының өмірін өзгертетін жүйеге айналды, - дейді қор басшысы.

Жобаның арқасында жүздеген бала отыруға, жүруге, сөйлеуге, өз бетінше тамақтануға және ойнауға үйренді, құрдастарымен бірге мектепке барды.

Өзгелердің жаңалығы