Ауыл шаруашылығы министрі жылыжай көкөнісін өсірушілермен кездесті

28 Наурыз 2022, 12:13
1747
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы министрі жылыжай көкөнісін өсірушілермен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 27 наурызында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы жылыжай көкөнісін өсірушілермен кездесіп, жылыжайлардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ бақтар мен жеміс қоймаларын аралап, егін науқанына дайындық барысын бақылады.

Ауыл шаруашылығы министрі жылыжай көкөнісін өсірушілермен кездесті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев қатысқан жылыжай шаруашылығының өкілдерімен кездесу барысында министр ведомствоның тауар-материалдық заттар бағасының өсуі, энергия тасымалдағыштар мен коммуникациялар тарифтерінің қымбаттауы, сондай-ақ сыртқы сауда қызметіне байланысты саланың бетпе-бет келіп отырған проблемаларынан хабардар екенін атап өтті. Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,  АӨК-ті мемлекеттік қолдауды реформалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, алайда Президентпен келісім бойынша субсидиялаудың жаңа тәсілдерін енгізуді 2023 жылға қалдыру туралы шешім қабылданғанын айтты.  

 Бүгінгі күні облыста жалпы ауданы 204 га болатын 113 жылыжай кешені бар, олар жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өсіреді. 

Жылыжай көкөністерін өндірушілер соңғы кездері тап болған бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті. Фермерлер саланың тиімді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға көмектесетін өз идеялары мен ұсыныстарын айтты.

Ауыл шаруашылығы министрі жылыжай көкөнісін өсірушілермен кездесті

Министр фермерлерге барлық ұсыныстар мұқият қаралып, жедел шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер Үкімет мүшелерінің назарына жеткізілетінін айтып, сендірді. Сондай-ақ, ведомство басшысының төрағалығымен жұмыс тобын құру жоспарланып отыр, ол жақын арада жылыжай көкөнісін өндірушілерді қолдаудың түрлі нұсқаларын қарастырады. Оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік және өзге де органдар, аграршылар мен азаматтық қоғам өкілдері кіреді. 

Сондай-ақ ведомство басшысы Қазығұрт ауданының тұрғындарымен жер мәселелерін талқылап, Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары А.Сапаровтың төрағалығымен құрамына Қарабау ауылының белсенді тұрғындары, аудандық және облыстық әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ «ҰАҒБО» КЕАҚ қызметкерлері кіретін комиссия құруды тапсырды. Комиссия қысқа мерзімде барлық көрсетілген фактілерді тексеріп, объективті шешім шығаруы тиіс.

Сонымен бірге министр алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, алма мен басқа да жемістерді өсіру, сақтау және өңдеумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ»  кәсіпорынына барды. 

Ауыл шаруашылығы министрі жылыжай көкөнісін өсірушілермен кездесті

Бұдан соң Ербол Қарашөкеев облыстың егіс науқанына дайындығын бақылап, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге және фермерлерді қажетті құралдармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударғанын атап өтті.

Министрлік барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, қаржыландыруды ұлғайту мәселелері пысықталуда, дизель отынын жөнелту басталды. Сонымен бірге аграршылар тұқым материалдарымен толық қамтамасыз етілді, техника толық дайын. Барлық қажетті қосалқы бөлшектер бар, климаттық жағдайлар егіс үшін қолайлы екенін атап өткен жөн. 

Ведомство басшысының жұмыс сапары ауылдарды, агроқұрылымдарды аралаумен, егістіктерді қараумен және облыс фермерлерімен кездесулермен жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы