ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ
-
-
Елордада бір жылда 10-ға жуық ескерткіш орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада мәдениеттің және жалпы елдің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қазақ қайраткерлеріне арналған ескерткіштер жинағы ашылды.
02.01.2022
-
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына газ келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылына газ келді. Белқопа – биыл өңірде газ кірген 15-ші ауыл.
25.12.2021
-
Нұр-Сұлтанда қаланың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда» атты ғылыми-практикалық конференция аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі дайындаған үш кітаптың тұсауы кесілді.
24.12.2021
-
Ыбырай Алтынсарин туралы деректі және көркем фильмдер шығару керек – Дихан Қамзабекұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ыбырай Алтынсарин туралы деректі және көркем фильмдер шығару керек. Бұл ұсынысты Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымының докторы Дихан Қамзабекұлы айтты.
23.12.2021
-
Нұртөре Жүсіп: «Жолыққан жандар» - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сенатор Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» атты кітабының тұсаукесері өтті.
21.12.2021
-
Түркістанда Қазыбек би ескерткіші ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы тойланып жатқан күндері киелі Түркістан төрінде халқымыздың бірегей тұлғасы, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, ел бірлігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосқан Қаздауысты Қазыбек бидің еңселі ескерткіші ашылды.
20.12.2021
-
«Balapan» телеарнасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына түрлі жанрдағы 10 жаңа туынды әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына түрлі жанрдағы 10 жаңа туынды әзірледі.
16.12.2021
-
Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде қазақстандық музыкалық мәдениеттің озық үлгілерін паш еткен «FORTE-TRIO» ұжымына француз жұртшылығы зор қошемет көрсетті.
16.12.2021
-
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлады
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Мұнайлы ауданы Батыр ауылында көп балалы және осал топтағы 80 отбасыға баспана берілді.
16.12.2021
-
Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
16.12.2021
-
Алматы облысында заманауи оңалту орталықтары іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында Қапшағай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасында 50 орынды оңалту орталығы ашылды. Жаңа нысанның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қатысты, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
16.12.2021
-
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның аралық шолу отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу төрағалық етті.
15.12.2021
-
Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздікке 30 жыл. Осынау аз ғана жылдың ішінде еліміз әр түрлі салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Соның бірі – спорт саласы.
14.12.2021
-
Маңғыстау облысында «Балықшылар» демалыс орны ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Баутин ауылына қарасты Аташ елді мекенінде «Балықшылар» демалыс орны пайдалануға берілді. Жоба ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асқан, деп хабарлады Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
14.12.2021
-
Сапарбаев қоныс той иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талас ауданы Қаратау қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, ізгі лебізін жеткізді.
14.12.2021
-
Ақтауда көп балалы отбасылар баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі тұсында Ақтаудағы 53 көп балалы отбасыға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтер кілті табысталды, деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
13.12.2021
-
Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында тек қарағандылықтар үшін ғана емес, жалпы қазақ халқы үшін айтулы оқиға, тарихи сәтті өткердік.
13.12.2021
-
Алматыда «Желтоқсан» ескерткішінің іргетасы қаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мегаполистің Түрксіб ауданында, «Желтоқсан» саябағында ескерткіш тас қаланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
12.12.2021
-
Тәуелсіздік күніне Алматы көшелері қалай безендірілді?
Алматы, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Алматы орталығындағы және барлық аудандағы алаңдар, сондай-ақ даңғылдар мен көшелер тақырыптық көркем жарықпен, мемлекеттік рәміздері бар баннерлермен және инсталляциялармен безендірілді.
10.12.2021
-
Нығматулин мемлекеттік наградаларды табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсізідінің 30 жылдағы жетістіктері туралы бүгін Батыс Қазақстан облысы активінде айтылды. Жиында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйлеп, Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша ерекше көзге түскен батыс қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.
09.12.2021
Наверх