Маңғыстау облысында «Балықшылар» демалыс орны ашылды

14 Желтоқсан 2021, 10:29
4119
Бөлісу:
Маңғыстау облысында «Балықшылар» демалыс орны ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Баутин ауылына қарасты Аташ елді мекенінде «Балықшылар» демалыс орны пайдалануға берілді. Жоба ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асқан, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Жалпы аумағы 2400 шаршы метр болатын саябақта кіреберіс арка, спорт алаңы, балалар ойын алаңы, автотұрақ пен шатырлы орындықтар бар. Демалыс орнының қақ ортасында биіктігі 3,80 метр болатын «Балықшылар» ескерткіші орнатылған. Мүсіннің авторы маңғыстаулық көл өнер шебері Болатбек Салаев. Ескерткіш демеушілердің қаражаты есебінен тұрғызылды.

Маңғыстау облысында «Балықшылар» демалыс орны ашылды

 Салтанатты жиында ауыл ақсақалы Қойлығұл Атшыбаев пен ардагер балықшы, Түпқараған ауданының құрметті азаматы Тәуірхан Қанжанов ескерткішті ашып, ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

Қуанышымыз еселеніп тұр. Өйткені бұл ескерткіш біздің өткен тарихымызға елеулі еңбегі сіңген ардагерлерге деген құрметтің белгісі деп білемін. Еліміздің ұлық мерекесі қарсаңында бой көтерген ескерткіш пен демалыс орны ауылымыздың көркіне көрік қосып, ажарын аша түскендей, - деді Тәуірхан Қанжанов.

Маңғыстау облысында «Балықшылар» демалыс орны ашылды

 


 

Өзгелердің жаңалығы