Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

14 Желтоқсан 2021, 11:25
2626
Бөлісу:
Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздікке 30 жыл. Осынау аз ғана жылдың ішінде еліміз әр түрлі салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Соның бірі – спорт саласы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында спорт саласында үлкен белестерді бағындырған ел мақтаныштары мен спортшыларының музейге тарту еткен кәдесыйлары орналастырылған зал бар. 

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары
Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Музейдегі «Қазақстан мақтанышы» залында қандай экспонаттар ұсынылғанын көру үшін музейге бардық.

Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы Экскурсия жұмысы қызметінің жетекшісі Құмар Жүнісов экскурсия барысында кәдесыйлардың сырымен таныстырды.

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Бұл зал әсіресе музейдің кішкентай келушілері үшін қызығырақ. Олар еліміздің мәдениет және спорт саласымен танысып, спорттық ойындарда және музыкалық аспаптарда ойнай алады, - дейді ол.

Залда еліміздің спортшылары мен қазақстандық Олимпиада, Әлем чемпиондарының даңқты сәттері бейнеленген. Сондай-ақ олардың жеке заттары осында ұсынылған.

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Одан бөлек, хоккей, ауыр атлетика, бокс және велоспорттан интерактивті ойындар қойылған. Кез келген келуші өзін хоккеист, боксшы, ауыр атлетші ретінде сынай алады.

Залдан Геннадий Головкиннің, Марат Мәзімбаевтың белдіктері, Александр Винокуров сыйға тартқан велосипедті көруге болады. Винокуровтың велосипеді өте жеңіл, небәрі 7 келіні құрайды. Одан бөлек, спортшымыздың жейдесі де осы залда.

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

 

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары
Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары
Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Ұлттық олимпиада комитетіне Халықаралық олимпиада комитеті берген алауды да көргуе болады. 

 

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Сондай-ақ елімізде спорт – ревю өткен болатын. Бұл іс-шараға еліміздің белгілі спортшылары шақырылып, өздерінің жеке заттарын кітапхана қорына тапсырған болатын. Мысалы, Элизабет Тұрсынбаеваның конькиі, Әлия Юсупованың лентасын көруге болады. Данияр Елеусіновтің Рио Олимпиадасынан кейін алған «алтын қолғабы». 

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Музей қорынан «Қазақстан барысында» жеңіске жеткен Бейбіт Ыстыбаевтың белбеуін көруге болады.

«Қазақстан мақтанышы» залында «Болашақ спорт жұлдыздары» деп аталатын фото зона бар. Мұнда келушілер фотоға түсе алады. Құрылғы алақанмен басқарылады. 

Сонымен бірге Қазақстанның мәртебесін көтеріп жүрген тағы бір отандасымыз – белгілі байкер Дмитрий Петрухиннің мотоциклі музейге қойылған. Ол Қарағандыда туылған. 2017 жылы Азияда ойындары кезінде осы мотоциклмен қазақтың Туын желбіретіп, бүкіл әлемді шарлап, Гиннестің рекордына енген. Дмитрий Петрухин 80 елде болып, 400 мың шақырымды жүріп өткен.

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Қазақстан – әлемдік мәдениетте өзінің орнын ойып тұрып алған мемлекеттің бірі. Осы залда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары орналасқан. Оған қонақтар қолын тигізсе, музыка автоматты түрде ойнайды. Мысалы, қобызға қолымызды тигізсек, Қорқыттың «Абыздың толғауы» күйі ойнайды. Домбырада Кетбұғаның «Ақсақ құланы» күйі орындалады, ал жетігенде Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі қосылады.

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Одан бөлек, музей қонақтары киіз үйде отырып, домбырада ойнап, естелік суретке түсе алады. Елбасы музейде болғанында бұл домбырада бір емес, бірнеше рет ойнаған.

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары
Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

 

Залда электронды музыкалық кітапша бар. Ол жерден қазақтың тарихына енген әндерді әншілердің өз аузынан естуге болады.

Сондай-ақ залдың бір бөлігінде Елбасыға қазақстандықтар атынан сыйға берілген ұлттық аспаптар бар. 

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Дархан Қыдырәлі сыйға тартқан ежелгі түркілердің қобызының көшірмесі ұсынылған.

 

Головкин, Елеусінов, Винокуров – Қазақстан мақтаныштары

Музейге баратын қала тұрғындары мен қонақтары үшін анықтама:

Музейге келушілерден алдын ала өтініш қабылданады.

Күніне 4 уақыт экскурсия жүргізіледі – сағат 10.30, 12.00. 14.30 және 16.00.

Экскурсоводтар саны жеткілікті болса, басқа уақыттарда да келушілерді қабылдауға мүмкіндік бар. Одан басқа, жеке келушілерге арналған арнайы QR-кодтар бар. Қонақтар «Елбасы кітапханасының» қосымшасын телефонға жүктеп алып, ақпарат алуға болады. Сондай-ақ келушілерге аудио-гид беріледі, - деп сөзін түйіндеді Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы Экскурсия жұмысы қызметінің жетекшісі Құмар Жүнісов.

Өзгелердің жаңалығы