АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Желтоқсан 2021, 12:10
1934
Бөлісу:
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Тәуелсіздік күнімен құттықтады
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның аралық шолу отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу төрағалық етті.

Кездесуде қос тарап өткен жарты жылдағы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарып, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Келіссөздер барысында Д. Лу қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Америкалық дипломат Вашингтонның Нұр-Сұлтанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын және Қазақстанмен де, жалпы Орталық Азия өңірімен де берік және тұрақты қарым-қатынасты сақтауға ниетті екенін атап өтті. Дональд Лу АҚШ-тың еліміздің сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Қазір біз COVID-19, жаһандық жылыну, Ауғанстандағы дағдарыс сияқты кейбір қиындықтарға тап болып отырмыз. Америка Құрама Штаттары көп жылдар бойы Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді деп сенемін. Мен осында сіздермен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатқаныма қуаныштымын, - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі.

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шара барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды өзекті мәселелері, сондай-ақ адам құқықтары, білім алмасу және т.б. мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Гуманитарлық өлшемдер бойынша пікір алмасу шеңберінде Президент К.Тоқаев бастамасымен саяси реформалар, демократияландыру және адам құқықтарын сақтау мәселелері қаралуда. С5+1 Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз етуде өңір елдерінің ынтымақтастығын нығайту және олардың ұстанымдарын жақындастырудың нығайтудың маңызды құралы болып қала береді. Келесі жылы біз осындай жоғары деңгейдегі өзара саяси және экономикалық байланыстарды қарқынды дамытуға ниеттіміз, - деді А. Рахметуллин өз сөзінде.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АҚШ делегациясының Нұр-Сұлтанға сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді америкалық қонақты қабылдап, бірқатар өзекті мәселе бойынша пікір алмасты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Атап өтейік, екі ел арасындағы 27 жылдық дипломатиялық қарым-қатынас аясында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін берік құқықтық база құрылды. Барлығы 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылды.

 

Өзгелердің жаңалығы