Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына газ келді

25 Желтоқсан 2021, 09:30
3599
Бөлісу:
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына газ келді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылына газ келді. Белқопа – биыл өңірде газ кірген 15-ші ауыл.

24 желтоқсан, жұма күні ауылішілік газ құбырын пайдалануға беруге арналған салтанатты рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

«Ең алдымен сіздерді Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құтықтаймын. Осы жылдардың ішінде еліміз түрлі қиындықтарға тап болып, оны тұңғыш президенттің сарабдал саясатының, халықтың еңбекқорлығы мен бірлігінің арқасында еңсере алды. Нәтижесінде бүгінде ондаған жылдар бойы күн тәртібінде тұрған әлеуметтік сұрақтар шешіліп жатыр. Соның ішінде, Ақтөбе облысында биыл ауылдарды газдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде және ол жарын да жалғасатын болады»,- деді Оңдасын оразалин құттықтау сөзінде.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына газ келді

​ Белқопа ауылын газбен қамтуға мемлекет барлығы 56 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Тоқсан үй мен төрт әлеуметтік нысан көгілдір отынмен қамтылатын болады.

«Бұл мен үшін және менің ауылдастарым үшін үлкен қуаныш. 2019 жылы сіз біздің ауданда қызмет бабымен болып, біздің шағын және көзге түсе қоймайтын ауылға соққан едіңіз. Сол кезде біз сізден газ сұрағанбыз, сіз бізге газ келу үшін бәрін жасаймын деп уәде бергенсіз. Халыққа берген уәдеңізді орындадыңыз, сол үшін сізге алғыс айтамыз», - деді ауыл ақсақалдарының бірі облыс әкіміне.

Өңір басшысының жұмыс сапары Аралтоғай ауылдық округінің Қияқты ауылында жалғасты. Мұнда Оңдасын Оразалин негізгі мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесін, сонымен қатар, жаңа блокты-модульді су тазарту стансасын қарап шықты.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына газ келді

Станса биыл қыркүйек айында пайдалануға берілген. Соның арқасында жер асты көздерінен ауылдың су құбыры арқылы тазартылған және залалсыздандырылған су ағып жатыр. Бұдан бөлек, Оңдасын Оразалин аудандағы алдыңғы қатарлы шаруа қожалықтарының бірімен танысты.

«Әділ» шаруа қожалығы ірі қара малды көбейтуге маманданған. Мұнда қазір 1300 бас ірі қара мен жылқы бар, қой саны 2300 бастан асады. Қожалық әсіресе асыл тұқымды ірі қара – герефорд пен қазақы ақбас малымен мақтанады. Қазіргі уақытта кірістің едәуір бөлігі асыл тұқымды жас малды сатудан түседі.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына газ келді


Қожалық агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша түрлі субсидия алады, сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен қожалыққа 25 шақырым электр желісі тартылған.

Келер жылдың жоспары – сауын сиырларын сатып алып, сүт фермасын, мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын және ет өңдеу цехын ашу.
Айта кетейік, бордақылау алаңын ашу жоспарына байланысты қожалыққа судан шөбін егу үшін 350 гектар суармалы жер берілген.
Өңір басшысы шаруа қожалығының өндіріс мәдениетіне жоғары баға беріп, әрі қарай гүлденетініне сенім білдірді, өйткені ет өнімі ішкі нарықпен қатар, сыртқы нарықта да үлкен сұранысқа ие.

Өзгелердің жаңалығы