Жаңалықтар
-
-
Астана маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды
Астана, BAQ.KZ. Қатты аязға байланысты Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын экспресс автобус бағдарлары тоқтатылды, деп хабарлайды Астана LRT компаниясы.
07.02.2019
-
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
07.02.2019
-
Көпбалалы ана статусымды қайтаруды сұраймын – 4 баланың анасы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық танымал блогер, журналист, 4 баланың анасы Ләззат Қожахмет көпбалалы аналар алатын жәрдемақыны, жеңілдіктерді алмайтынын айтады. Көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы да 4 балалы отбасыға берілмейді. «Ананың анадан несі кем?» деп шырылдаған анаға хабарласқан болатынбыз.
07.02.2019
-
7 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміз бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Батыс, оңтүстік-шығыс және шығыстың кей жерінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
07.02.2019
-
ҰҚК. "Қорғастағы" иесіз дәрі-дәрмек
Астана, BAQ.KZ. «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды.
06.02.2019
-
Астанада шағын футболдан дәстүрлі «Alash» турнирі өтеді
Астана, BAQ.KZ. Елге оралған қандастарымызға қолдау көрсетіп, олардың Қазақстан қоғамына кірігуіне жағдай жасау – «Отандастар» Қорының басым бағыттарының бірі. Осыған орай Қор 2019 жылдың 9 ақпанында елге оралған қандастардың қатысуымен Астана қаласында шағын футболдан қалалық дәстүрлі «Alash» турнирін ұйымдастырады.
06.02.2019
-
2019 жылы 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады - министрлік
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1%-ке өсті. Бұл тау-кен секторының 4,6%-ке және өңдеуші өнеркәсіптің 4%-ке озық қарқынмен өсуі есебінен орындалды.
06.02.2019
-
Үсік шалғанда не істеу керек
Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ қатты аязда үсік шалудың алдын алу және үсікке шалдыққан жағдайда алғашқы көмекті дұрыс көрсетудің негізгі шараларын ұсынды.
06.02.2019
-
Петропавлда екі күнде 5 адамды үсік шалған
СҚО, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда қатты аяздың кесірінен 2 күнде 5 адам үсіп қалды. Жыл басынан бері 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөліміне үсік шалған 32 адам түскен. Олардың 13-і ауруханаға жатқызылды.
06.02.2019
-
Қарағандыда жолда қалған 5 адам құтқарылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында бүгін ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендеді. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Дегенменде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жолға шығып, қауіп-қатерге бас тігетіндер қатары азаймай отыр.
06.02.2019
-
СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 26 адамға жетті
СҚО, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаға шалдыққандар саны 26 адамға жетті. Тағы 52 тұрғын аталған дертті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуге алынды.
06.02.2019
-
ҚР АКМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы ауысты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Виталий Владимирович Ярошенко ҚР АКМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
06.02.2019
-
Депутат: Отандық өнімді пайдалану киберқауіпсіздік тұрғысынан маңызды
Астана, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жұмыс сапарлары барысында жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ тарифтерді орнату мәселелерін талқылады.
06.02.2019
-
Өткен жылы Жамбыл облысында бюджет 100% игерілген
Тараз, BAQ.KZ. Өткен жылы облыста бюджет деңгейлері бойынша меншікті кірістерінің орындалуы 107,8 пайызды құрап, республика өңірлері арасында үшінші орынға көтерілген. Бұл туралы өңірн басшысы Асқар Мырзахметовке есеп берген облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева мәлімдеді.
06.02.2019
-
Ертең Астанада бірінші ауысымдағы сыныптарға сабақ болмайды
Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының білім басқармасы Елорда мектептерде 7 ақпан күні сабақ болмайтынын хабарлады.
06.02.2019
-
Депутаттар Отырар ауданының халқымен кездесті
Түркістан, BAQ.KZ. Отырар ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов арнайы іссапармен барды.
06.02.2019
-
Қызылорда қаласының аумағы екі есе ұлғайды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары Қызылорда қаласы халқының саны едәуір артты. Соған байланысты Сырдария өзенінің сол жағалауы игеріліп, үйлер салына бастады. Бұл туралы бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев халық алдында есеп беру кезінде айтты.
06.02.2019
-
Ноғаев: Әкімдіктер халықпен тығыз байланыста болулары тиіс
Атырау, BAQ.KZ. Облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданы әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
06.02.2019
-
Көкшетауда жер телімі электронды кезекпен беріледі
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда бұдан былай жер телімін алуға кезекке тұрудың электронды жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында мәлімдеді.
06.02.2019
-
Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі жанынан жұмыс тобы құрылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
06.02.2019
Наверх