Жаңалықтар
-
-
Павлодарда санитариялық жағдайы талапқа сай келмейтін нысандар тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында кейбір шағын және орта бизнес объектілерінің аумағындағы санитариялық жағдай талапқа сәйкес келмейді. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметі, архитектура және қала құрылысы бөлімінің мамандары облыс орталығындағы бірқатар сауда орындарын аралау кезінде анықталды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
23.04.2019
-
Ислам Бозбаев дзюдодан Азия чемпионатының қола медалін ұтып алды
Алматы, BAQ.KZ. Фуджейрада дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Татамиге шыққан балуандарымыз арасынан Ислам Бозбаев жеңіске жетіп, жүлдегер атанды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.
23.04.2019
-
Қарағандыда шетелдік мамандар жаңа мюзикл мен спектакль қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды театрларында екі қойылымның тұсаукесерлері өтті. Екі спектакльді шет елден келген мамандар қойған. Өткен сенбіде академиялық музыкалық комедия театрында «Моя прекрасная леди» мюзиклінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Ал Станиславский атындағы театрда «Дядюшкин сон» шығармасы бойынша «Достоевский FM. Хроники Мордасова» атты қойылым сахналанды.
23.04.2019
-
Кореяның қолдауымен отандық ЖОО базасында реабилитология кафедрасы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрі Пак Нын Хумен екіжақты кездесуде айтылды, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
23.04.2019
-
Nut Otan партиясы көпбалалы аналарға жәрдемдесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында партияның облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Мақсат — көпбалалы және жалғызбасты аналарға көмек көрсету. Бұл туралы aktobegazeti.kz сайты хабарлайды.
23.04.2019
-
Жастар жылы. Елордадағы жастар мәселесіне арналған call-center жұмыс істемей тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жастар мәселесін шешу үшін 20 19 нөмірімен ашылған call-center жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық телеарнасының жаңалықтар қызметі.
23.04.2019
-
Сайлауға түсу үшін ең алғаш құжат тапсырған адам белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. 22 сәуірде Сәдібек Түгел Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер болу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайтында жазылған.
23.04.2019
-
Бейбіт елде азаматтар алаңсыз еңбек етуде – Хусаин Домбаев
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының XХVII сессиясы қоғамдық келісім мен халық бірлігінің бекуіне жаңа серпін береді. Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігінің белсендісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Хусаин Домбаев осындай пікір білдірді.
23.04.2019
-
Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден отандық спортшы топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.
23.04.2019
-
Ақтөбенің 150 жылдығына 65 жастағы ардагер ерекше сыйлық жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 65 жастан асқан Жұмабай Отарғалиев салауатты өмір салтын ұстанады. Ардагер Ақтөбе қаласының мерейтойы құрметіне 700 шақырым жолды велосипедпен жүріп өткен. Пойыз жолын жағалап жүріп отырған ол 10 күнде Қызылорда облысына барды. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
23.04.2019
-
Алматыда Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік орталық музейінде академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрме өтіп жатыр.
23.04.2019
-
Өскемендегі мектеп 1-сыныпқа зағип балаларды да қабылдай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі №19 мектепте зағип балаларға арналған бірінші сынып ашылды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
23.04.2019
-
Павлодар облысының алты мектебі TIMSS – 2019 зерттеуіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңір мектептері 22-26 сәуір аралығында халықаралық TIMSS зерттеуіне қатысады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
23.04.2019
-
Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі. Live
Съезде партия атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсынылады
23.04.2019
-
Деспина Касапиди: Елбасы – Қазақстан халқы Ассамблеясының шабыттандырушысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында бүгінде 53 этнимәдени бірлестік тіркелген. Осындай бірлестіктің бірі – Теміртау қаласындағы «Понтос» грек этномәдени орталығы аймақтағы этникалық топтардың өкілдерін өздерінің ұлттық мәдениетіне тартып, облыстық ғана емес республикалық маңызды шараларға белсене қатысады.
23.04.2019
-
Тың идеялар мен жаңа бастамалар күтемін – Аслан Рахымбергенов
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХXVII сессиясын өткізу жоспарланған. Аталған шараға қатысушылардың бірі – қарағандылық Аслан Рахымбергенов еліміздің тұтастығын сақтау мен ұлтаралық келісімді дамытуда ҚХА-ның орны ерекше екендігін айтады.
23.04.2019
-
23 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстік таулы аймағында катты жаңбыр жауады.
23.04.2019
-
Атырау облысында табиғат паркі ашылады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы Жылыой ауданындағы Желтау жотасы мен Шөлқара қыраты маңынан табиғи парк ашу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
22.04.2019
-
Қызылордада инклюзивті білім беру мекемелерінің жұмысына мониторинг жүргізілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында инклюзивті білім беруге бейімделген білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізді.
22.04.2019
-
Өскемен қаласындағы қоғамдық көлік электронды билеттеуге көшіріледі
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласындағы қоғамдық көлік бағыттары автоматтандырылған билеттеуге көшірілмек. Бұл жөнінде бүгін облыс әкімдігінің кеңейтілген аппарат отырысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов хабарлады.
22.04.2019
Наверх