Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан балуандары екі алтынға ие болды

29 Қазан 2019, 08:22
1967
Бөлісу:
Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан балуандары екі алтынға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық еркін күрес шеберлері Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының жеңімпазы және алты дүркін әлем чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі тігілген жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. 

Жарыс нәтижесінде қазақстандықтар екі алтын және төрт қола медаль еншіледі. 

57 келідегі Егор Анчугн мен 75 келідегі Мүсілім Жақсылық алтын медаль иеленсе, Әди Серікұлы (41 келі), Серік Нұрасыл (57 келі), Асхаб Хаджиев (57 келі) және Әлихан Құсайыновтар (85 келі) қола жүлдегер атанды. 

Аға бапкер Еркебұлан Кешубаев жаттықтыратын Қазақстан командасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.   
Өзгелердің жаңалығы