Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген 78 жүргізуші анықталды

29 Қазан 2019, 03:36
1625
Бөлісу:
Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген 78 жүргізуші анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өтіп, бір апта ішінде мас күйінде көлік жүргізген 78 жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

21-27 қазан аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз жол" атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

"Жоспарланған іс-шара барысында жол қозғалысы ережесі бойынша 3,1 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 78 жүргізуші мас күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 694 фактісі, қарсы бағытқа шығып құқық бұзудың – 44 фактісі белгілі болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегені үшін 108 жүргізуші әкімшілік тәртіпте жазаланды. Жаяу жүргінші жолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 848 әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісі, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану бойынша 338 факті анықталды.

 

Өзгелердің жаңалығы