Corriere dello Sport: "Алтын допқа" Роналду ие болады

29 Қазан 2019, 05:16
1784
Бөлісу:
Corriere dello Sport: "Алтын допқа" Роналду ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиялық  журналистер 2019 жылғы "Алтын допқа" "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду ие болады деп топшылайды,  деп жазады Prosports.kz.

Corriere dello Sport басылымы үздік футболшыға аталмыш жүлдені табыстаушы France Football журналының өкілдері португалиялықтан сұхбат алғаннан кейін осындай қорытындыға келіп отыр.

Сондай-ақ, франциялықтар "Ювентустың" спорттық  директоры Фабио Паратичимен де кездескен.

Ал beIN Sports журналисі Танкреди Палмери мұның бос қауесет екенін айтады. Палмеридің айтуынша, әлемнің үздік футболшысы кім болатыны әлі белгісіз.

"Алтын доп" үміткерлерінің лонг-парақшасына 30 футболшы енгізілген. Жеңімпаздың есімі 2 желтоқсан күні Париждегі Шатле театрында белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы