Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

29 Қазан 2019, 01:39
1664
Бөлісу:
Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрама командасы жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Бангкокта (Таиланд) семсерлесуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан 28:45 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде қыздар құрамасы үшінші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ерлер құрамасы аталған жарыста финалға шығып, күміске ие болған еді.

Өзгелердің жаңалығы