ҚАЖ қызметкерлері 200-ге жуық көшет екті

29 Наурыз 2021, 14:25
1483
Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлері 200-ге жуық көшет екті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығы мен қызметкерлері 200-ге жуық көшет екті.

«Сәуір болмай, тәуір болмайды» деп қазақ текке айтпаса керек. Тамылжыған табиғат қайта оянып келеді. Баршамыз сәнді де сәулетті қаламыздың көшелерін көгалдандыруға қолғабыс еткеніміз дұрыс. Соңғы жылдары қаламызда тазалық, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл - қуантарлық жағдай. Осындай игілікті істі жолға қойып, қаламыздың тазалығына және көгалдануына Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығы мен қызметкерлері өз үлестерін қосты, – дейді мекеме қызметкерлері.

Яғни, мекеме ауласынан басталған жұмыстар Абай көшесі бойындағы мекеме алдын тазалап, ағаш егумен аяқталды. 200-ге жуық көшет егіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қаланың тазалығын сақтау, көркейту, ағаш егу барлығымыздың ортақ парызымыз. Ағаш егіп, оны күтіп-баптау да бір ілім. Осындай игілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Өзгелердің жаңалығы