Алматыда 900 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ

29 Наурыз 2021, 17:47
1339
Бөлісу:
Алматыда 900 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, қазір қаладағы 35 емханада вакцина салу орны белгіленген және тағы 15 орын жақында іске қосылмақ. Оған қоса қаланың әр бұрышынан вакцина салатын 250 орын ашу жоспарланып отыр. Олар сауда үйлері, базар және басқа да қоғамдық орындарда ашылады.

Біз Алматы бойынша 900 мың адамға вакцина салуды көздеп отырмыз. Сіздер түсінетін шығарсыздар, қалада 2 миллион адам тұрғанымен олардың барлығына вакцина сала алмаймыз. 18 жасқа дейінгі балалар мен екпеге қарсы көрсеткіші бар адамдарға вакцина салынбайды. Қазір вакцинаның келуін күтіп отырмыз. Қазір «Спутник V» вакцинасы жеткізілетін орындарға термоконтейнерлер қойылып жатыр, оған қоса екпе салумен айналысатын мамандарды оқыту жүріп жатыр. Екпе салу орындарындағы жұмыс бір күнге де тоқтап қалмас үшін кадр қоры құрылуда, - дейді Лаура Мырзағали.
Ол екпе орындарының көптеп ашылуы адамдар бір орынға көп жиналып қалмас үшін және азаматтардың ары-бері жүрісін азайту мақсатында жасалып жатқанын айтты.

Айта кетсек, соңғы күндері Алматыда вирус жұқтыру жағдай күрт өсті, оған қоса коронавирустың жаңа штамдары да анықталды.

Өзгелердің жаңалығы