Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру көрсеткіші артты

29 Наурыз 2021, 16:23
2058
Бөлісу:
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру көрсеткіші артты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, қалада вирус жұқтыру деңгейі ұшығып тұр.

Алматы қаласы «қызыл» аймақта. Эпидемия басталғалы қалада 33 012 науқас вирус жұқтырған. Соңғы бір аптада вирус жұқтыру едеуір өскенін көріп отырмыз. Шектеу шараларына қарамастан вирус жоғары деңгейде тарап жатыр, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол, әсіресе, балалар арасында вирус жұқтыру жағдайы артқанын мәлімдеді.

14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру жағдайы өскен, яғни 0,7-ден 10 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру өскенін байқап отырмыз. 1 наурызда 10 жағдай тіркелсе, қазір 55 жағдайға дейін жетіп отыр. Өзге жастағы адамдар арасында вирус жұқтыру бұрынғыдай қалыпта, - деді Қалықова. 

Сондай-ақ ол отбасы мүшелері арасында вирус жұқтыру оқиғасы да артқанын жеткізді.

Вирусты отбасы мүшелерінен жұқтыру оқиғасы 34 пайызға артқан. Ал сауда орындарында вирус жұқтыру жағдайы керісінше 22 пайызға дейін азайған. Оған демалыс күндері сауда-саттық орындары мен базарлар жұмысының тоқтатылуы ықпал етті. Дегенмен аула ішіндегі дүкендерде вирус жұқтыру әлі де жоғары деңгейде, - дейді ол.
Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирустың үшінші толқыны басталғанын мәлімдеген болатын.
Өзгелердің жаңалығы