Бір аптада карантин ережесін бұзғандарға 47 млн теңге айыппұл салынды

29 Наурыз 2021, 15:10
1437
Бөлісу:
Бір аптада карантин ережесін бұзғандарға 47 млн теңге айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 2021 жылғы 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында 1328 нысанға тексеру жүргізілді, 11379 нысан қамтылды, 1352 нысаның карантин шараларын бұзғаны анықталды. Аталған кезеңде барлығы 153 млн теңгеден астам сомаға 2119 хаттама толтырылды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 22-27 наурыз аралығында мониторингті топпен 102 тексеру жүргізіліп, 1286 нысан қамтылған және карантиндік шараларды 263 нысанның бұзғаны анықталды. Заңды және жеке тұлғаларға 932 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 47 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Қала тұрғындарының ауруды жұқтыру деңгейінің тұрақты әрі жоғары екеніне қарамастан, өздеріне және басқаларға жұқтыру қаупін тудыратын, адамдардың көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру жалғасуда. Мысалы, Бостандық ауданының мониторингтік тобы Тимирязев көшесі, 42 к мекен-жайында орналасқан «Бахыт» салтанат залында карантинді бұзу фактісі анықталды. Тексеру барысында 90 адамның қатысқан үйлену тойы өтіп жатқан. Сонымен бірге, Хан-Тәңірі ықшамауданы, 148/2 мекен-жайы бойынша орналасқан «Batyr» мейрамханасында 50-60 адамның қатысуымен отбасылық-шара – 75 жасқа толу мерейтойының өтіп жатқаны анықталды,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ Әуезов ауданының мониторинг тобы Ақсай 4 ықшамауданы, 112 мекен-жайындағы «Парасат» мейрамханасында 50 адамға арналған үйлену тойын тоқтатқан. Барлық іс-шаралар тоқтатылып, аталған салтанатты жиындарды ұйымдастырушы мен әкімшілікке 425-баптың 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, Бостандық ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкері карантин режимін бұзу туралы заңды тұлғаға рапорт толтырды.

Жыл басынан бері сот 28 материал бойынша 462-баптың 3-бөлігіне және 425-баптың 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдапты:

• Медеу ауданы - 8 материал: «Манана» мейрамханасы (қызметін 15 күнге тоқтату), «Пугасов» мейрамханасы (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Бармаглот» бары (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Hookan Dreems» кафебары (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Айлина» мейрамханасы, «Небо» бары, «Rush7gill pub» бильярд клубы (Тыйым салу тоқтағанға дейін қызметін тоқтату туралы сот  шешімі), Виктория бинго клубы (нысанның қызметі қызметке салынған тыйым күшін жойғанға дейін тоқтатылды), «Ordagamecenter» ЖШС компьютерлік клубы (қызметін 1 айға тоқтату), «Loto» клубы (Тыйым салу тоқтағанға дейін қызметін тоқтату туралы сот шешімі)

• Жетісу ауданы - 4 материал: жеке тұлға Ниязова Ж.А. компьютерный клубы (қызметі 3 айға тоқтатылып, 5 АЕК мөлшерінді айыппұл салынды), «Gameclub» ойын клубы (қызметі 1 айға тоқтатылды), жеке тұлға Қуандыкова Ж.С. ойын алаңы (Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотына жолданды), «ГринККМ» ЖШС лото клубы (қызметі 1 айға тоқтатылды);

• Наурызбай ауданы - 2 материал: «Премьера» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Таужолы» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды);

• Түрксіб ауданы - 2 материал: «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешені (қызметі 1 айға тоқтатылып, 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Talavi» мейрамханасы (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды);

• Алатау ауданы - 5 материал: «Жақсылық» дәмханасы (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 10 күнге тоқтатылды), «Центр шашлыка» дәмханасы (161 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Шамо» ЖШС бильярд клубы (нысанның қызметі карантин режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды), «Эгоист» компьютерлік клубы (нысанның қызметі карантин режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды), «Алатау» СОО (200 АЕК көлемінде айыппұл салынды);

• Алмалы ауданы - 4 материал: «Finik» мейрамханасы(қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Fizika» түнгі клубы (қызметі 3 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Boohouse» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Пират» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды);

• Бостандық ауданы - 3 материал: «Sunset»  мейрамханасы (200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды), «Шмель» тавернасы (материалды қарауды тоқтату), «Queer» түнгі клубы «Alfa International Construction and Trade Company» ЖШС жалға беруші (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды).

Мониторингтік топтардың жұмыс алгоритмі ҚР «Атамекен» ҰКП мен бизнес-омбудсмен кеңсесінің бастамасы бойынша ВАК хаттамасымен бекітілгенін атап өткен жөн. Ереже кәсіпкерлік нысандарын мониторингтік топтар тарапынан бұзушылықтарға қатысты тексеру үшін 5 талап бойынша қарастырады:

• жұмыс режимі;

• отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптар;

• әлеуметтік қашықтық; 

• бетперде режимі; 

• келушілер санының лимитінен асыру.

Егер мониторингтік топ бес бұзушылықтың біреуін анықтаса, материалдарды әкімшілік іс қозғау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырады. Барлық аудандарда мониторингтік топтармен бірге қоғамдық ұйымдар, Қазақстан партияларының мүшелері, еріктілер және т.б.шығады. Егер адамдар орын алған бұзушылықтардың куәсі болса, ақпаратты 1308 нөмірі бойынша жолдауға болады. 

10 наурыздан бері Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта екенін естеріңізге саламы. Осы жылдың 28 наурызында КВИ жұқтырудың 415 жағдайы тіркелді.

Алматы әкімдігі COVID-19 алдын алу шараларын, әсіресе, қалада жаңа мутацияланған британдық және оңтүстік африкалық штаммдардың айналымы аясында күшейтуге шақырады, олар жұқтырудың жоғары көрсеткішіне ие. Тәуекел тобындағы адамдарға – 65 жастан асқан қарттар мен созылмалы аурулары бар жандарға мүмкіндігінше үйлерінен шықпай, әлеуметтік байланысты азайту ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы