Жаңалықтар
-
-
«AsiaCredit Bank» лицензиясынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 22 қаулысына сәйкес «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ты агенттік банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды.
12.02.2021
-
Жыл басынан бері 223 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,9 млрд теңге бөлінген.
12.02.2021
-
Өткен жылы 650 мың тонна нан өндірілді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін өңдеу мен өндіру көлемі өскен.
12.02.2021
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияның 82 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
12.02.2021
-
COVID-19. 255 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 ақпандағы ақпаратты жариялады.
12.02.2021
-
Атырауда браконьерлерден 364 дана киік мүйізі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда полицейлер Геолог ықшамауданындағы тұрғын үйдің ауласында «ВАЗ-21014» маркалы екі көліктің ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тапты. Бұл туралы azh.kz жазды.
12.02.2021
-
Өткен тәулікте 1167 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1167 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
12.02.2021
-
Елімізде өткен тәулікте 951 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 951 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
12.02.2021
-
Қарағандыда балалар стоматологиясы бөлімі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар бөлімшесі өз жұмысын Қарағандыдағы облыстық стоматологиялық емхана жанынан бастады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мұнда 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге тегін көмек көрсетіледі.
12.02.2021
-
Павлодар облысындағы зауыттарда апат саны өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында бір-ақ апат тіркелсе, былтыр олардың саны алтыға жетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
12.02.2021
-
Германияда мұғалімдер мен тәрбиешілер вакцинаны уақытынан бұрын салдырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік педагогтарды басымдыққа ие екінші топқа ауыстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
12.02.2021
-
Көкшетаулық жігіт интимді суреттері үшін тергеуге алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас жігіт парақшаға өзінің жеке интимді суреттерін орналастырған. Ол осылайша қыздардың назарын аудартпақ болған, деп хабарлайды «Айқын» kz.
12.02.2021
-
Триатлоннан Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің өту мерзімі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық триатлон одағы (World Triathlon) 2020 жылғы Токио ойындарына іріктеу турнирлерінің өту мерзімі ауыстырылғанын хабарлады.
12.02.2021
-
Биыл Украина қазақтарының құрылтайы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның әртүрлі аймақтарын ұсынатын қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
12.02.2021
-
Қызылордада 188,2 мың гектар алқапқа егін егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыста 188,2 мың гектарға егін егу межеленіп отыр. Тек күріштің көлемі 5,1 мың гектарға азайтылады. Оның орнына әртараптандыру бағыты бойынша дәнді, майлы дақылдар егілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
12.02.2021
-
Құрманғазы ауданында жаңадан іске қосылған құс фермасы 79 тонна ет өндірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ауылдық құс фабрикасы тауық етінің алғашқы партиясын сатты. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
12.02.2021
-
Қызылордада 640 адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жүйелі жүзеге асырылуда. Он күн ішінде 640 адам вакцина салдырды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
12.02.2021
-
Глубокое ауданында 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығаратын кешен салынады – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы «Предгорное элеваторы» базасында орналасқан «Алтын Шығыс» ЖШС автоматтандырылған мультимәдениетті май экстракциялық кешенінде 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығару жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
11.02.2021
-
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазалады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
11.02.2021
-
Венгрияда «Спутник V» вакцинасы салына бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік вакцина созылмалы ауруы жоқ 60 жастан асқан тұрғындарға салынып жатыр.
11.02.2021
Наверх