Ақмола облысында ақпаратқа заңсыз қол жеткізді деген күдікті анықталды

3 Тамыз 2021, 20:18
1980
Бөлісу:
Ақмола облысында ақпаратқа заңсыз қол жеткізді деген күдікті анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ақпаратқа заңсыз қол жеткізді деген күдікті анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері жеке ақпаратқа заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша күдіктіні анықтады. 

Екібастұз қаласының 46 жастағы тұрғынының өтініші бойынша облыс орталығының 41 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 205-бабының 1-бөлігі (Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникация желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Алдын ала анықталғандай, күдікті өтініш берушінің ұялы телефонын пайдаланып, әлеуметтік желідегі жәбірленушінің жеке шотына қол жеткізгені және оның атынан дөрекі хат жазысқаны анықталды. 

Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.


Өзгелердің жаңалығы