Токио-2020: Төрешілердің шешімі қанағаттандырмады – Бақтияр Байсейітов

3 Тамыз 2021, 19:16
2665
Бөлісу:
Токио-2020: Төрешілердің  шешімі қанағаттандырмады – Бақтияр Байсейітов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн кездесуде грек-рим күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері Бақтияр Байсейітов мәлімдеді.

Өкінішке қарай, біздің спорт түрі бойынша Олимпиада ойындары аяқталды. Бүгін бозкілемге аса ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсынов шыққан болатын. Германиялық Денис Кудламен күресті. Нәтижесін көрдіңіздер. Ол жігіт - 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасы және Еуропада бірнеше мәрте жүлделі орын алған тәжірибелі палуан. Біз үшін Олимпиада бітті, - деді ол.

Сонымен қатар ол соңғы белдесуде не себепті қазылардың шешімімен келіспейтінін айтты.

Күрес кезінде Нұрсұлтан бірнеше рет әдіс жасады. Тік тұрып жартылай әдіс жасап, лақтырды. Ереже бойынша толық жасалмаған әдіске екі ұпай берілуі керек еді. Бірақ төрешілер мұны есептеген жоқ. Мен төрешілер шешіміне шағым түсіргенде (челлендж) белдесуді қайта қарап, шешімді өзгертпеді. Әдетте шағым қанағаттандырылмаса, қарсыласқа бір ұпай берілуі қажет, - деді бас бапкер.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Тұрсынов Токио бозкілемінде 87 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Соңғы белдесуінде германиялық Денис Кудламен күресіп, нәтижесінде 4:1 есебімен германиялықтың еншісіне шешілген болатын. Осылайша, грек-рим күресінен Ұлттық құрама үшін Олимпиада ойындары аяқталды.
Өзгелердің жаңалығы