Елорданың Төлебаев көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

3 Тамыз 2021, 19:37
2394
Бөлісу:
Елорданың Төлебаев көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М.Төлебаев көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастайды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Төлебаев көшесіндегі жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Осыған байланысты биыл 4-9 тамыз аралығында Б .Момышұлы даңғылынан бастап Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаске автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, — делінген Көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы