Жаңалықтар
-
-
Германиядағы су тасқыны: 156 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оған ондаған мың адам жұмылдырылған.
18.07.2021
-
Риддерде жоғалып кеткен зейнеткер табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 күні кешке қарай Риддер қаласының құтқарушыларына ер адамнан Коноваловка ауылы маңында серуендеу кезінде 76 жастағы әкесі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Алтайньюс.
18.07.2021
-
Көлік кептелісі: Алтын Орда базары маңында кері бұрылу эстакадасы ашылды
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылғы 17 шілдеде «Алтын Орда» базары жанындағы «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының учаскесін күрделі жөндеуден өткізуге байланысты сол жерде «таға» түріндегі бұрылу эстакадасы пайдалануға берілді.
18.07.2021
-
Шығыс Қазақстанда карантин шаралары күшейтілді
Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысы шықты.
18.07.2021
-
Жанармай құю станциялары дизель отынына бағаны төмендететін болды
Алматы, BAQ.KZ. Жанармай құю станциялары монополияға қарсы ведомствоның дизель отынына бағаны төмендету жөніндегі талаптарын орындады. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
18.07.2021
-
Орыс тарихшысы Кенесары ханның мылтығы қайда сақталғанын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы қазақ ханы Кенесары Қасымұлының мылтығы Омбы өлкетану музейінің мұрағатында сақтаулы. Бұл туралы жергілікті тарихшы Алексей Сорокин айтты, деп хабарлайды ТАСС.
18.07.2021
-
ШҚО әкімі металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, жеп хабарлады Алтайньюс.
18.07.2021
-
Сергей Морозов Лас-Вегастағы UFC турнирінде сәтті өнер көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-5) UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізді. Arlan MMA Pro Team атынан шығатын 32 жастағы спортшымыз Лас-Вегастағы UFC Vegas 31 жарысына қатысты.
18.07.2021
-
Қазақстан ауа ластану индексі бойынша 48-орында
Алматы, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ауаның ластану индексі нашар 10 елдің ішінде Қазақстан 48-орында екенін мәлімдеді.
18.07.2021
-
Имам Құрбан айт мерекесінде топтасып жиналмауға шақырды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жетісу ауданы «Әли Мұхаммед» мешітінің бас имамы Қанатәлі Тақыров Құрбан айттың мән-мағынасын түсіндіріп, карантин кезіндегі мерекенің форматы туралы айтты.
18.07.2021
-
«Еңбек» бағдарламасы өскемендіктерді қолдау қаражатымен қамтамасыз етуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында тасын өрге дөңгелентіп жатқан кәсіпкерлер арамызда аз емес. Бүгінде бұл бағытта жұмыс қарқынын арттырған Өскемен қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы шаһар тұрғындарын қолдау қаражатымен қамтамасыз етуде.
18.07.2021
-
Алматыдағы Абылай хан көшесі бойында 35 апатты ағаш кесілетін болды
Алматы, BAQ.KZ. Алмалы ауданының әкімдігі Жасыл комиссиямен бірге Абылай хан даңғылы бойындағы ағаштардың жағдайын тексеру барысында 35 апатты ағаш анықталғанын мәлімдеді.
18.07.2021
-
Мәжіліс депутаттары Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Алматы, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Бұл туралы Мәжілістің Баспасөз қызметі хабарлады.
18.07.2021
-
Алматы облысында жыл басынан бері 1056 жол апаты болған
Алматы, BAQ.KZ. Жол апатынан 176 адам қаза тапса, 1589-ы түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
18.07.2021
-
«Қызыл» аймақ. Індеттен емделіп жатқандардың жағдайы қалай?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңір дәрігерлері КВИ індетін жұқтырған науқастардың саны артып келетінін айтып дабыл қағуда. Соған қарамастан тұрғындардың көбі екпеге қарсы жалған ақпарат таратуды тоқтатар емес. Халыққа вакцинацияға қатысты дұрыс ақпарат жеткізу мақсатында БАҚ өкілдері, блогерлер, қоғам қайраткерлері үшін коронавируспен күрес орталықтарына баспасөз туры ұйымдастырылды.
18.07.2021
-
Вакцина салдырғандар саны 5 миллионға жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны жайлы ақпарат таратты.
18.07.2021
-
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ел чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 17 маусымында ерлер мен әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
18.07.2021
-
Індетке шалдыққан 1063 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 18 шілдедегі ақпарат жарияланды.
18.07.2021
-
18 шілдеге арналған эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
18.07.2021
-
2823 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2823 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
18.07.2021
Наверх