Сенатта комитет төрағасы сайланды

27 Қаңтар 2022, 09:32
1322
Бөлісу:
Сенатта комитет төрағасы сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы сайланды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес комитет төрағасы депутаттардың арасынан депутаттардың ұсынысы бойынша сайланады. 

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазымына Серікбай Өтелгенұлы Тұрымовтың кандидатурасын ұсынды.

Серікбай Тұрымов өзінің еңбек жолын бетоншы болып бастап, кәсіпкерлік мекеменің директоры болып, Маңғыстау облысында аудан, қала әкімі, облыс мәслихатының хатшысы, облыс әкімінің орынбасары және Маңғыстау облысы әкімінің лауазымдарында қызмет атқарды. 2021 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Сенат депутаты ретінде заң шығарушы тәжірибесі жоғары, білікті әріптесіміз, - деп айтты Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутаттар Сенат регламентіне сәйкес Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазымына Серікбай Өтелгенұлы Тұрымовтың кандидатурасын сайлады.

Өзгелердің жаңалығы