Сенат төрағасының орынбасары сайланды

27 Қаңтар 2022, 09:22
1523
Бөлісу:
Сенат төрағасының орынбасары сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Парламент Сенаты төрағасының орынбасары сайланды.

Конституциялық нормаларға сәйкес Палата төрағасының орынбасарына кандидатураны Палата төрағасы ұсынады.

Осы құқықты пайдалана отырып, Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасының орынбасары лауазымына Ольга Перепечинаның кандидатурасын ұсынды.

Ольга Перепечина өз ісінің нағыз маманы, тәжірибелі сенатор. Ол екі мәрте СҚО-дан Сенат депутаты болып сайланды. Соңғы 4 жылдан астам уақытта Қаржы және бюджет комитетін басқарды. Комитет төрайымы ретінде ел бюджетінің тиімді қалыптасуына үлкен үлес қосты. Қаржы саласындағы көптеген заңның қабылдануына тікелей атсалысты, - деп айтты Сенат төрағасы.

Депутаттар Сенат регламентіне сәйкес Сенат төрағасының орынбасарының лауазымына Ольга Перепечинаны сайлау туралы қаулыны қабылдады.

Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасарының лауазымына тағайындалуына байланысты Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы