Ерлан Қиясов Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды

27 Қаңтар 2022, 10:10
1246
Бөлісу:
Ерлан Қиясов Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды.

 Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.  Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.  

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.  

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

 2020 жылғы қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
 

Өзгелердің жаңалығы