Жаңалықтар
-
-
Сарапшылар қоғамдық-саяси қатынастарды дамытудың жаңа бағытын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сарапшылардың, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың және үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен «Жаңа Қазақстан: қоғамдық-саяси қатынастарды дамытудың жаңа бағыты» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
23.02.2022
-
БЖЗҚ: халықтың зейнетақы жарналары 30 пайызға жуық өсті
Алматы, BAQ.KZ. 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 12,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
23.02.2022
-
Египетке рейстер қайтадан ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайтадан ашылады.
23.02.2022
-
Өткен тәулікте 3146 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 3146 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
23.02.2022
-
Елімізде өткен тәулікте 598 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 598 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
23.02.2022
-
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялар қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақ елдері өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасын таныған Ресейге қарсы санкцияларды бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».
23.02.2022
-
23 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін солтүстік, орталық және шығыс өңірде қар жауып, көктайғақ күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде тұман, екпінді жел болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
23.02.2022
-
Англия COVID-19-бен ауырғандар үшін міндетті оқшаулауды алып тастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Англия 24 ақпаннан бастап COVID-19 кезінде өзін-өзі оқшаулауды сақтау туралы міндетті талапты алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
23.02.2022
-
Павлодар облысында оқушы орындарының тапшылығы азайып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы өңірде 5 оқу орны пайдалануға беріліп, 3350 жаңа оқушы орны пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында белгілі болды.
23.02.2022
-
Атбасарда майнинг фермасы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Атбасар қаласында заңсыз жұмыс істеп келген майнинг фермасы анықталды.
23.02.2022
-
Жапония аралына қалың қар жауды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Хоккайдо аралын қар басып қалды. Қалың қардан қаза тапқандар бар, деп хабарлайды 24.kz.
23.02.2022
-
Алматыда жартылай марафоннан ел чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жартылай марафоннан 2022 жылғы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
23.02.2022
-
Ақтас 2022 жылдың соңында табиғи газбен қамтылады – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай ауданына қарасты Ақтас шағын ауданы 437,1 гектер аумаққа орналасқан. Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде, деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.
23.02.2022
-
ШҚО аумағында алдағы үш күнде көшкін жүруі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының күрт өзгеруіне, жауын-шашын мен желдің күшеюіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында 22-24 ақпан аралығында таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.
23.02.2022
-
Келесте 80 миллион теңгенің спорт кешені бой көтерді – Түркістан облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округінде құны 80 млн теңгені құрайтын спорт мектебі бой көтерді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
23.02.2022
-
Ақмолада бір тәулікте 80-нен астам жол қозғалысы ережесі бұзылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 80-нен астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
23.02.2022
-
Павлодар облысы аумағындағы мемлекеттік шекарадан екі азаматқа елге кіруге тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте шекарадан 511 азамат өтті. Олардың ішінен ТМД-ның екі азаматына елге кіруге тыйым салынады. Олар өзбекстандық және ресейлік тұрғын, деп мәлімдеді Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
22.02.2022
-
3,5 мың жүкті әйел вакцина салдырды – Шығыс Қазақстан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда 3521 жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Алтайньюс.
22.02.2022
-
Кукушкин Франциядағы турнирдің екінші айналымына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
22.02.2022
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
22.02.2022
Наверх