Семейге 700-ге жуық “сергек” камерасы орнатылады

15 Сәуір 2022, 15:29
1328
Бөлісу:
Семейге 700-ге жуық “сергек” камерасы орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Семей қаласына 690 "сергек" камерасы орнатылады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Атап айтқанда, 616 камера 74 желілік учаскеде және 40 камера адам көп шоғырланған қиылыста орнатылатын болады. 

Сонымен қатар тағы 687 сыртқы бейнебақылау камерасы қосымша жұмыс істейтін болады. 

Айта кету керек, әзірге жабдық орнатылған жерде ол тест режимінде жұмыс істеуде. Әлеуметтік және бизнес нысандардағы барлық камералар да "Сергек" жүйесіне біріктіріледі. 

Ахуалдық орталық пен деректерді өңдеу орталығы орналасатын жер анықталды. Жұмыстар бұрын бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, маусым айында аппараттық-бағдарламалық кешендер Семейде толық күшіне енеді, қала тұрғындары үшін "109" анықтама қызметі қолжетімді болады, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы