Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында қызмет атқарады

15 Сәуір 2022, 14:44
1363
Бөлісу:
Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында қызмет атқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық төрешілер Татьяна Сорокопудова (Қарағанды) мен Наргис Магау (Алматы) 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2022 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті, деп хабарлады Olympic.kz.

Ойындар 6-12 сәуір аралығында Солтүстік Ирландияда өтті. 

Қазақстандықтар төрелік еткен топта Әзербайжан, Мальта, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдары құрамалары ойнады. Біздің төрешілер топтағы Солтүстік Ирландия - Мальта (1:1), Солтүстік Ирландия - Фарерские аралдары (5:0) және Әзербайджан - Солтүстік Ирландия (0:1) матчтарында қызмет атқарды.

Татьяна Сорокопудова екі кездесуде бас төреші болса, бір ойында қосалқы төреші міндетін орындады. Наргис Магау үш ойында да бас төрешінің көмекшісі болды.

Өзгелердің жаңалығы