Бағдат Мусин: Күніне 1 млн адам кіретін қосымшаны ерекше атап өткім келеді

15 Сәуір 2022, 15:01
1753
Бөлісу:
Бағдат Мусин: Күніне 1 млн адам кіретін қосымшаны ерекше атап өткім келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті жұма күні бір мұсылмандық стартап туралы айтып кетейін, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бізде смартфондар үшін жасалған қазақстандық қосымшалардың (AppStore, Google play-дағы приложениялар) ішінен ең жиі қолданатын Kaspi.kz шығар. Ол барлығыңызға мәлім. Бірақ сол үздіктердің қатарында күніне 1млн адам кіретін бір қосымшаны осы рамазан айында ерекше атап өткім келеді, ол - #Sajda қосымшасы. Оның ішінде намаз оқу уақытын, құбла компасын және басқа да мұсылмандық практиканы оңайлатуға бағытталған сервистер бар. Қолданушылардың көбі әрине Қазақстаннан, бірақ дүниежүзінің басқа қалаларынан да қолданып жатқандар бар. Мысалы, Индонезиядан, Европа қалаларынан Sajda қосышасын жүктеп, қолданып жатқан адамдар бар, - деп жазды ол.

1 млн күнделікті қолданыс – стартаптар әлемінде өте жақсы көрсеткіш. 

Қазақстанның өзінде бұл көрсеткішке жеткендер шамалы ғана. Көп ұзамай қолданушылар саны 10-100 млн дейін жетсін деп тілеймін Алмас пен басқа топ мүшелеріне! Осындай көрсеткіштер болған кезде сіздерге мұсылмандарға арналған тауарлардың маркетплейсіне айналдыру бойынша көп ұсыныс түсіп, тез арада құны 1 млрд-тық компаниялардың қатарына қосылуларыңызға тілектеспін! Барша мұсылман қауымын тағы да айлардың сұлтаны - Рамазан айымен, оның ішінде күндердің сұлтаны – жұма күнімен құттықтаймын! - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы