Аймағамбетов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгіні енгізуді ұсынды

15 Сәуір 2022, 16:51
6548
Бөлісу:
Аймағамбетов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгіні енгізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтты.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгіні енгізу ұсынылады. Төсбелгі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарға сәйкес әзірленіп отыр. Ахмет Байтұрсынұлы ведомстволық төсбелгісімен қазақ тілін қолданыс аясын кеңейтуге, тіл білімі, әдебиет, тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, түркітану салаларына үлес қосқан ғалымдарды марапаттау ұсынылады, - деді Аймағамбетов. 

Министр айтқандай, министрлік ұсынып отырған ведомстволық төсбелгі қазақ тілінің  мәртебесін көтеруге, ұлт руханиятын дәріптеуге, отандық ғылымды зерттеуге атсалысып жүрген азаматтарды ынталандыруға мүмкіндік береді. 

Комиссия тарапынан бұл ұсыныс қолдау тапқан жағдайда оны заңнамада белгіленген тәріппен бекітуге, әзірлеп шығаруға арналған шараларды біз орындаймыз. Жалпы осы наградалардың дизайны дайындалды. Комиссия мүшелерінің қолында бар. Бұған дейін тиісті ведомстволармен талқылау жүпгізілді. Сондықтан осы мәселені қолдауларыңызды сұраймыз, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы