Бас прокуратура Болат Назарбаевтың «рейдерлік» ісі туралы айтты

15 Сәуір 2022, 13:42
2485
Бөлісу:
Бас прокуратура Болат Назарбаевтың «рейдерлік» ісі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шыңдалиев  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Шынайы, дұрыс тергеу жүргізуіге прокуратура бар күшін салады. Тергеуді қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр. Олар алдымен барлық дәлелді жинауы керек, прокурор ол дәлелге объективті түрде баға береді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ол қандай істер бойынша тергеліп жатқанын мен заң бойынша айта алмаймын, - деді Шыңдалиев. 

Брифинг барысында әріптесіміз «Almaty steklo» зауытын құрған кәсіпкер Әзім Абдуллаевтың Болат Назарбаевтың кәсібіне рейдерлік шабуыл жасап, тең жартысын иеленуіне қатысты арызын жеткізді. 

Оның айтуынша, әйнек бөтелке, банкі шығаратын зауыт 2016 жылы ашылған, осы уақыттан бастап Болат Назарбаев Абдуллаевпен бірге жарғылық капиталдағы 50 пайызға ие.

Өзгелердің жаңалығы