Жаңалықтар
-
-
Биыл Шымкентте 131 өрт оқиғасы тіркелген
Шымкент қалалық ТЖД басшысы биыл Шымкентте 131 өрт оқиғасы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.09.2022
-
Атырауда ескерткіштер цифрландырылды
Атырауда туризм саласын цифрландыру мақсатында алты туристік нысанға QR-кодтар орнатылды. Олардың қатарында Сарайшық қаласының орны, «Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығы, Хиуаз Доспанова, Жұмекен Нәжімеденов, Дина Нұрпейісова және Құмаршық ескерткіші бар, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.
21.09.2022
-
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
21 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
21.09.2022
-
Президент Молдова Президентімен, Литва Президентімен және Андорра Премьер-министрімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Андорра Премьер-министрі Ксавьер Эспот Саморамен, Молдова Президенті Майя Сандумен және Литва Президенті Гитанас Науседамен кездесті. Бұл туралы BAQ.KZ БОРТ №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
21.09.2022
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммит аясында Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Бұл туралы BAQ.KZ БОРТ №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
21.09.2022
-
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ БОРТ №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
21.09.2022
-
Павлодарда сирек кездесетін жануарларды атқандарға 21 млн теңге айыппұл салынды
Павлодар облысында екі аңшы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса 21 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ға сілтеме жасап.
21.09.2022
-
Қазақстан Президенті Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Африка одағы мен Еуропа Одағының бірлескен төрағалығымен өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке қатысты. BAQ.KZ бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
21.09.2022
-
Қарағандыда жол апатынан 2 дәрігер қаза тапты
Қарағанды облысында жол апатынан 2 дәрігер қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Inform.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында болған қайғылы оқиғаға байланысты қайғыра көңіл айтады. Жол-көлік апатынан Балқаш қаласындағы «Жезған медициналық орталығы» ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады.
Министрлік атынан мезгілсіз көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз.
Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды, - делінген министрлік хабарламасында.
21.09.2022
-
Атырауда қамыс өртенді
Атырауды қою қара түтін басты. Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым жерде қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
21.09.2022
-
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында Қатар Әмірімен әңгімелесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен әңгімелесті. BAQ.KZ бұл туралы БОРТ №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
21.09.2022
-
Президент Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашуды ұсынды
Бұл туралы Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.09.2022
-
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның Жарғысын жаңғыртуды әрі реформалауды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатындағы сөзінде БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер Ұйымының Жарғысына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.09.2022
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
20.09.2022
-
Қазақстандық Олимпиада чемпионы 27 жасында мансабын аяқтады
2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жүзуден чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
20.09.2022
-
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйледі
Бүгін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебатында сөз алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.09.2022
-
ІІМ азаматтарды жол ережесін сақтауға шақырады
Балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында республика бойынша “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20.09.2022
-
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы халықаралық «Politico» басылымында жарық көрді
Қазақстан Президентінің мақаласы халықаралық «Politico» басылымында жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ QAZAQSTAN ұлттық арнасына сілтеме жасап.
20.09.2022
-
Елорда салық төлеушілері қайта тіркеуден өтпейді
Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді. Тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.09.2022
-
Жастарға аса құнды құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беруіміз керек – министр
Оқушылар мен студенттер аса құнды құжаттармен танысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.09.2022
Наверх