Жаңаөзендегі жарылыс: Қаза болғандар саны артты

17 Сәуір 2023, 12:12
1116
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жарылыс: Қаза болғандар саны артты
Фото: ТЖМ

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты. Олар - ер адам, әйел адам және бір бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты.

Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер.

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні сағат таңғы 5:04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-кіреберістегі пәтерінде жарылыс болды.

Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. Еліміздің беделді компанияларының бірі жарылыстан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтер беретінін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы