2024 жылғы Олимпиадаға 100 лицензия алу жоспарланған

17 Сәуір 2023, 12:53
683
Бөлісу:
2024 жылғы Олимпиадаға 100 лицензия алу жоспарланған
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан 2024 жылғы Олимпиадаға 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты.

Оның айтуынша, 160 қазақстандық атлеттің Парижге жолдама алуға мүмкіндігі бар. Токио Олимпиадасында спортшыларымыз 8 қола медаль алған болатын. Онымен қоса, министрлік биыл спортты дамытуға 50 млрд теңге бөлді.

Біздің міндет Ұлттық Олимпиада комитетімен, бапкерлер штабымен бірлесіп, спортшы өз стартына дайын болу үшін барлық қажетті жағдайды жасау. Бұл ойынға жоспарымыз асқақ, еліміз Әнұраны Парижде шырқалуы үшін қолдан келгеннің барын жасаймыз, - деді Асхат Оралов.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары Францияның астанасы Парижде 2024 жылдың шілде айының 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы