«Реал» Холанд үшін Бенземадан құтылмақшы

17 Сәуір 2023, 13:05
1665
Бөлісу:
«Реал» Холанд үшін Бенземадан құтылмақшы
Фото: Naomi Baker, Robyn Beck/AFP via

«Реал Мадрид» 2024 жылы «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Клуб басшылығы келісімі 2023 жылдың 30 маусымда аяқталатын 35 жастағы шабуылшы Карим Бенземамен қоштасқысы келеді. Алайда, қазіргі келісімді келесі маусымға дейін ұзартты.

"Реал Мадрид" Холандты сатып алу мүмкіндігін көптен бері қарастырып жүр. Барлау бөлімі егжей-тегжейлі статистиканы, БАҚ және норвегиялықпен келісудің тартымды компоненттерін оны сатып алудың артықшылықтары туралы үлкен есеп дайындады. Клуб Манчестер Ситиден ойыншыны сатып алу құқығын пайдалана алады. Келісімшартта 220-240 миллион еуроға дейін сома қарастырылған, - делінген AS испандық басылымның ақпаратында. 

Холанд «Манчестер Ситиге» 2022 жылдың шілдесінде Дортмундтық клубтан 60 миллион еуроға қосылды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін белгіленген.

Transfermarkt порталы 22 жастағы норвегиялық ойыншының нарықтық құнын 170 миллион еуроға бағалап отыр.

Ол осы маусымда «Манчестер Сити» сапында 40 ойынға қатысып, 47 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Өзгелердің жаңалығы