Жарылысқа себеп болған жағдайды анықтаймыз – Ноғаев

17 Сәуір 2023, 12:49
837
Бөлісу:
Жарылысқа себеп болған жағдайды анықтаймыз – Ноғаев
VIDEO
Фото: Жаңаөзен әкімдігі

Жаңаөзендегі жарылыстан көз жұмғандар саны 4 адамға жетті. Бұл туралы Жаңаөзен қаласында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Қаза болғандар: бір ер адам мен екі әйел және 3 жасар қыз бала.

Жаңаөзен қалалық ауруханасында 3 адам реанимацияда, тағы 3 адам травматология бөлімшесінде жатыр.

Жаңаөзен қаласы, Шұғыла шағын ауданы, 51 үйдегі жарылыс газ баллонының жарылуынан болды деген болжам бар. Мамандардың текерісінен кейін газ қоспасынан болған апат деген болжам бар. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою салдары бойынша комиссия айналысып жатыр. Қазір 17 адам зардап шекті. Жарылысқа себеп болған жағдайды анықтаймыз. Тұрғындарға тұрғын үй, басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етуді біз жауапкершілігімізге аламыз,- дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Оқиға орнында 350 адам құтқару жұмыстарымен айналысты. Үй орны түгел аршылып болды. Ведмоствоаралық комиссия құрылып, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні сағат таңғы 5:04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-кіреберістегі пәтерінде жарылыс болды.

Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. Еліміздің беделді компанияларының бірі жарылыстан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтер беретінін мәлімдеген болатын.

Құтқарушылар үйінділерден 3 адамның денесін алып шыққанын жазған болатынбыз. Құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін алып шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы