Абай облысында дистрибьюторлар айран бағасын қымбаттатқан

17 Сәуір 2023, 12:16
793
Бөлісу:
Абай облысында дистрибьюторлар айран бағасын қымбаттатқан
Фото: ҚМА

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті ӘМАТ тізбесіне кіретін «Эмиль» өнімдерінің 1 л көлеміндегі майлылығы 2,5% болатын, жұмсақ каптамадағы айранның бағасын қымбаттап жібергенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ЭМТрейд» ЖШС айранды «Эмиль» ЖШС-дан 328 теңгеден сатып алатыны анықталды және кейін оны 398 теңге мен  442 теңге аралығында сатқан (сауда үстемесінің асып кетуі 21,52%-дан 34,88%-ға дейін).

Осылайша, бағаның өсуі өнімсіз делдал-дистрибьютордың сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуіне байланысты пайда болды. 

Департамент пен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде тұтынушылар үшін айран құнын 13,1%-ға (570 теңгеден 495 теңгеге  дейін) азайтуға қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы