Жыл басынан бері жемқорлық жасаған 500-ден астам адам сотталған

17 Қыркүйек 2021, 16:02
3117
Бөлісу:
Жыл басынан бері жемқорлық жасаған 500-ден астам адам сотталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «AntikorNews» брифингінде айтты.

Жыл басынан бері мыңнан астам сотқа дейінгі іс тіркелді. Оның 742-сі сотқа жолданды. Қылмыстық істер бойынша 135 лауазымды тұлға ұсталды. 122 адам күзетке алынып, 29-ы үйқамаққа жіберілді, - деді ол.
Бекайдаров атағандай, жыл басынан бері қылмыстық істер бойынша 572 адам сотталды.
138-і пара алу, 233-і пара беру, 12-і делдалдық, 78-і алаяқтық, 42 ұрлық және 42 лауазымдық қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотталған. Бас бостандығынан 172 адам айырылды. 330 тұлғаға 1,9 млрд теңге айыппұл салынды, - деді Данияр Бекайдаров.
Оның айтуынша, қосымша жазаға 600-ден астам адам тартылған.
Оның ішінде мүліктің тәркіленуі мен белгілі бір лауазымға отырудан өмір бойына айырылу бар, - деді Бекайдаров.
Бұған дейін қоластындағылары пара алғаны үшін қанша басшы қызметінен кеткені айтылды.

Өзгелердің жаңалығы