Әртістік жүзу: Эдуард Ким мен Наргиза Болатова Парижде топ жарды

5 Мамыр 2024, 04:08
415
Бөлісу:
Әртістік жүзу: Эдуард Ким мен Наргиза Болатова Парижде топ жарды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Әртістік жүзуден Парижде өтіп жатқан әлем кубогының 2-ші кезеңінде су спортынан тұңғыш әлем чемпиондарымыз Эдуард Ким мен Наргиза Болатова қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Техникалық аралас дуэт

  • 1-орын (Қазақстан): Эдуард Ким/Наргиза Болатова — 216.3250
  • 2- орын (Италия): Филиппо Пелати/Сара Мария Ризеа — 207.5367
  • 3-орын (Испания): Жорди Касирес Иглесиас/Жудиз Калво Реквена — 198.8417

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы 185.7367 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

Естеріңізде болса, 1 ай бұрын Қытайдағы алғашқы әлем кубогының кезеңінде Эдуард Ким/Наргиза Болатова күміспен күптелген еді.

Өзгелердің жаңалығы