ТЖМ: 49 мыңнан астам қазақстандық өз үйлеріне оралды

5 Мамыр 2024, 16:05
277
Бөлісу:
ТЖМ: 49 мыңнан астам қазақстандық өз үйлеріне оралды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ТЖМ өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан үйлерден су айдау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Республика бойынша 8 767 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су бағыты бұрылып, сорылды. 49 819 адам үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 14 078 адам және 1 348 техника, 290 су сорғыш және 70 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді ОКҚ брифингінде ТЖМ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы