ЖОО мұғалімдерінің шекті жалақысы бекітілді – Аймағамбетов

19 Тамыз 2021, 12:24
8186
Бөлісу:
ЖОО мұғалімдерінің шекті жалақысы бекітілді – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты.

Былтыр Мемлекет басшысының қолдауымен маңызды бір мәселе шешілді. Біздің әріптестерімізде үлкен үрей болды. Университеттерді жаңа формаға ауыстырып жатқаннан кейін олардың сатылып кетуі бойынша үрей туды. Мемлекет басшысы осыған қатысты нақты тапсырма берді. Біз заңнамаға өзгерістер енгіздік. «Білім туралы» заңда мемлекеттік университеттерді сатпау бойынша норма енгізілді. Олар әртараптандыруға жатпайды, - деді ол.

Аймағамбетов өткен жолы грант құны 340-420 мың теңгеден млн теңгеге көбейгенін айтты.

Бұл өз кезегінде педагогтардың жалақысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Мемлекет тапсырысы бойынша мен қабылдаған бұйрық аясында ЖОО-лар мұғалімдерінің шекті жалақысы бекітілді. Мысалы, жай оқытушыларға 200 мың, аға оқытушыларға 230 мың, педагогтарға 350 мың шекті жалақы белгіленді, - деді ол.

Министр бұл жалақы бойынша бір ставкаға 680 сағаттан көп жүктеме болмауы керегін айтты.

Барлық мемлекеттік университетте бұл шешім жүзеге асырылады, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы