Жазда жоғалған теміртаулықтың мәйіті табылды

2 Қараша 2021, 16:15
942
Бөлісу:
Жазда жоғалған теміртаулықтың мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биыл шілденің басында хабар-ошарсыз кеткен Теміртау тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды «Новый Вестник» сайты.

Анасы 37 жастағы ұлының жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы үйден кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.

Жоғалған адамды іздеуге полиция мен еріктілер қатысты. Оның мәйіті үш айға созылған іздеу жұмыстарынан кейін қала сыртындағы даладан табылды.

Полиция денеде зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын анықтаған жоқ. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Далада ер адамның денесі табылды. Өлім себебін анықтайтын сараптама тағайындалды, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Өзгелердің жаңалығы