Ақмола облысына көшіп келген 300-ден астам қандас азаматтық алды

26 Сәуір 2024, 02:26
385
Бөлісу:
Ақмола облысына көшіп келген 300-ден астам қандас азаматтық алды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында жыл басынан бері үш жүзден астам қандасқа Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көші-қон қызметі басқармасының хабарлауынша, жыл сайын Ақмола облысының полиция департаментіне Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін 500-ге жуық адам жүгінеді. Оған көбіне шетелдіктердің отбасымен бірігуі немесе “қандас” мәртебесі бар этникалық қазақтардың тарихи Отанының азаматтығын алуға деген ұмтылысы түрткі болады.

Ақмола облысында 2024 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен 400-ге жуық шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қабылданды, оның ішінде “қандас” мәртебесі бар 377 адам бар. Ақмола облысына келіп, азаматтыққа жүгінгендердің және қабылданғандардың басым бөлігі Түркіменстаннан – 340 адам, Ресей Федерациясынан – 18 азамат, ҚХР – 18, Моңғолиядан – 11 азамат. Еңбек қызметін ресми жүргізу, жұмыс алу, жәрдемақыларды ресімдеу, жеңілдіктер мен тегін білім алу мүмкіндігі ҚР азаматтығына жатудың маңызды артықшылықтарының толық тізбесі болып табылмайды. ҚР азаматы болудың артықшылықтарының бірі – әлемнің көптеген елдеріне визасыз кіру мүмкіндігі.

Естеріңізге сала кетейік, елде тұрақты тұратын “қандас” мәртебесі бар азаматтар тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен ала алады.

Өзгелердің жаңалығы