Мектеп директорлары ұжымымен жұмыс істеу дағдысын үйренеді

2 Қараша 2021, 15:59
3267
Бөлісу:
Мектеп директорлары ұжымымен жұмыс істеу дағдысын үйренеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова директорлардың біліктілігін арттыру үшін жаңа оқыту жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Орталық Almaty Management University-мен бірлесіп жаңа жоба жасап жатыр. Бұл – мектеп директорларына арналған жаңа буын бағдарламасы. Ол жоба аяқталуға жақын.

Заманауи директор жұмысының қажеттілігі мен шындығын зерттеу негізінде көшбасшылық, менеджмент, педагогиканың жаңа тәсілдері, психология, заңнамадағы жаңашылдықтар тақырыптарын қамтитын бағдарлама жасалды. Біз директорды мектеп ұжымымен, білім басқармаларымен, ата-аналармен, қамқоршылық кеңесімен жұмыс істеу дағдыларына оқытуды қарастырдық, - деді Әсел Мұхаметжанова.

Сөзінше, бағдарлама 9 модульден тұрады. Оның қатарында - базалық басқарушылық білімді игеруден басқа, директорларды аттестаттаудан өтуге дайындауға, мектепті басқарудағы қаржылық аспектілерді түсініп, деңгейін арттыруға, инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін модульдер бар.

Оқыту онлайн және офлайн форматта өтеді. Ұзақтығы 8 апта, яғни 72 сағатты құрайды. Программада лекциялар, практикалық сабақтар, шеберлік сабақтары, тренингтер, жобалық жұмыс, өз бетімен материалдармен танысу қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы