"Ауруы бар мал көмілген жерлерді су басқан". Вице-министр түсініктеме берді

25 Сәуір 2024, 16:58
821
Бөлісу:
"Ауруы бар мал көмілген жерлерді су басқан". Вице-министр түсініктеме берді
Фото: ТЖМ

Қауіпті аурулары бар мал көмілген 12 нысанды су басқан. Сенат кулуарында Денсаулық сақтау вице-министрі осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Су кеткен жерлерде ветеринар мамандармен бірге тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Топырақтан сынамалар алынды. Зерттеу нәтижесінде потогенді микроағзалар анықталмады. Бірақ оған қарамастан сібір жарасы және басқа аурулары бар мал көмілген орындарға дезинфекция жасалды. Солтүстік Қазақстан облысында сібір жарасы және мал көмілген орындарды әлі де су басып тұр. Бұл жерлер зеттеліп, потогенді микроағзалар анықталмады, - деді Айжан Есмағамбетова.

Ведомство өкілінің сөзінше, су тартылғаннан кейін тағы да зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы